19
Тамыз

Азат Перуашев Шымкенттегі «QAZALPACK» ЖШС зауыттың жұмысымен танысты

19 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді.

Сапар барысында ол «QAZALPACK» ЖШС қызметімен танысты. Бұл компания – Орталық Азияда алғаш болып қақпағы бар алюминий банкаларын шығаратын бірегей жобаны жүзеге асырып жатқан өндіріс орны. Жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын заманауи зауыт жылына 500 миллион банка өндіруге қауқарлы. Өндіріс ошағы АҚШ-та жасалған жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Жоба аясында шырындар мен газдалған және газдалмаған сусындарға арналған әртүрлі көлемдегі, жеңіл ашылатын қақпағы бар алюминий банкалары шығарылмақ. Компания Қазақстан нарығында алюминий ыдыстарының 80%-ға дейінгі үлесін қамтуды жоспарлап отыр.

Экологиялық артықшылықтары

Алюминий банка – әлемдегі ең экологиялық әрі қайта өңдеуге қолайлы қаптама түрлерінің бірі. Бүгінде мұндай ыдыстардың жартысынан астамы қайта өңдеуге жіберіледі және оларды шексіз қайта пайдалануға болады.

Сапарға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев, сондай-ақ мәслихат депутаттары Исламбек Насруллаұлы Төлебаев, Мұхтар Асқарұлы Шимиров, Дулат Саттарұлы Қуашпаев және партия төрағасының орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов қатысты.