22
Шілде

Азат Перуашевтың «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына «Ақ жол» партиясы ұсынған өзгерістерге қатысты түсініктемесі

Бүгін Әділет министрлігіне «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстарын жолдадым. Мәселе заңдарды Конституцияның жаңа редакциясына сәйкестендіру туралы.

Біздің салыстырмалы кестеде бірқатар заңдарға қатысты 58 түзету бар. Әзірлеуші ​​(Әділет министрлігі) құжатты Парламентке жібермес бұрын осы ұсыныстарды ескереді деп сенеміз. Жоқ десе - «Ақ жол» демократиялық партиясының  фракциясы Мәжілістегі жұмыс тобында өз көзқарасын қорғай береді.

Бәлкім, барлық ұсыныстарды қайталаудың реті жоқ шығар - қызығушылық танытқандар олармен қоса берілген салыстырмалы кестеде таныса алады. Дегенмен, негізгі жайттарды нақтылау артық болмайды.

***

«Сайлау туралы» Заң бойынша, 9-баптың 2-1-тармағы; 113-2-баптың 4-тармағы; 113-3-баптың 3-тармағы; 113-5-баптың 7, 13-тармақтары; 113-6-бап, 2-тармағы

- «Ақ жол» ҚДП ауыл әкімдерінің сайлауында абсолютті көпшілік дауыспен (сайлаушылардың 50%-дан астамы) жеңімпазды анықтауды ұсынады.

Үкіметтік заң жобасында дауыстардың жартысын да ала алмаған кандидат әкім болып сайлана алатын салыстырмалы көпшілік дауыспен жеңімпазды анықтау қарастырылған. Біздің ойымызша, бұл мұндай сайлаудың заңдылығын және сайлаушылардың әкім тұлғасына деген сенімін төмендетеді.

- Үкімет ауыл әкімдерін сайлауда мемлекеттік қызмет өтілі туралы талапты алып тастаймыз деп уәде бергенімен, 2021 жылғы шілдеде өткен сайлауда «Ақ жол» партиясынан үміткерлердің 60 пайызы (!) заңнамалық актілерге сілтеме жасай отырып, мемлекеттік қызмет өтілі жоқ деген желеумен әкімдікке кандидат болып тіркелмеді. Кәсіпкерлердің көпшілігі мемлекеттік қызметте жұмыс істемеді, бірақ бұл олардың көбінесе негізгі жұмыс беруші болып табылатын туған ауылының әкімі болып сайлану құқығын шектемеуі керек.

Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП әкім лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға – жеке кәсіпорынды, сондай-ақ қоғамдық бірлестікті немесе ҮЕҰ-ды басқару тәжірибесі туралы өзгерістер енгізуді ұсынады.

- Сондай-ақ аудандық мәслихаттарға ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну құқығын беруді ұсынамыз (аудан әкімдерінің орнына, мұндай кандидаттар жетіспесе).

Осыған ұқсас түзетуді «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға, 6-баптың 2-11-тармақтарына; 24-бап, 2-тармақ, 2-тармақшасына енгізуді ұсынамыз.

- 11-баптың 4-1-тармағы; 18-баптың 6-тармағы; 20-1-баптың 2-тармағының 9-тармақшасы; 39-баптың 1-тармағы; 43-баптың 1-тармағы; 50-баптың 5-тармағы

«Ақ жол» демократиялық партиясы байқаушылар мен сайлау комиссияларының өздерінің сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдерді беруден, жәшікке салудан бастап, дауыстарды санауға дейінгі барлық процедуралардың тікелей онлайн трансляциясын жүргізу құқығын заңдастыруды ұсынады. Мұндай шара, сондай-ақ барлық сайлау учаскелерінің бейнежазбаларын кейіннен Орталық сайлау комиссиясының орталық серверінде сақтау сайлау бюллетеньдерін санау кезінде бұрмалауға және түрлі айла-шарғыларға, сайлау заңнамасын бұзатын әрекеттерге қарсы тұрудың маңызды құралы бола алады деп есептейміз.

Дауыстарды қайта санау қажет болған жағдайда, сондай-ақ сайлау комиссиясы санаған әрбір бюллетеньде сайлаушының анық ажыратылатын белгісі бар бейнежазбаны көруге болады.

Оның үстіне бейнекамераларды адам әлпетін автоматты түрде тану жүйесімен жабдықтау әртүрлі сайлау учаскелерінде бір азаматтың қайталап дауыс беруін дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістердің белсенді қолданылып жүргенін қазақстандық стильде өткен сайлауларға қатысқан кез келген дауыс беруші айтып береді.

Менің көмекшім (Мәжіліс қызметкері) өткен сайлауда сайлау учаскесіне келіп, оның атынан алынған бюллетеньнің орнына біреудің дауыс беріп қойғанын байқағанын мысалға келтіре аламын. Мән-жайды анықтап, оның дауыс беруіне рұқсат беру талабына сайлау комиссиясы полиция шақырып, Мәжілістің штатты қызметкерін «сайлауға кедергі келтірді» деген айыппен қамауға алуға әрекеттенді))) Тек партияның заң қызметкерлері келгеннен кейін ғана, көмекші босатылды. Бірақ оларға сол қалпы дауыс беруге рұқсат етілмеді.

«Ақ жол» ҚДП-ның сайлау учаскелерінен дауыс беру барысын тікелей трансляциялауға, сондай-ақ бұзушылықтар тіркелген фото және бейнематериалдарды таратуға рұқсат беру туралы бірнеше мәрте ұсыныстарына Орталық сайлау комиссиясы бұл азаматтардың дербес деректерінің құпиялылығын бұзады деп жауап берді (??).

Бүкіл халықтың өз билігін таңдау құқығын таптау бір бұзушының, әсіресе осы құқықбұзушылықты қасақана жасаған адамның деректерінен әлдеқайда қауіпті бұзушылық деп есептейміз. Ал бұлтартпау шарасы ретінде біз фотосуреттер мен бейнематериалдарда сайлау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда бұзушының жеке басы мен бейнесі қорғалатын жеке деректерге жатпайтындығы туралы ұсыныс жасаудамыз.

- 12-бап 16-10 т.т., 16-11; 14-бап, б. 11-2, 11-3; 20-баптың 8-тармағы; 20-1-бап, 1-1-тармақ

«Ақ жол» демократиялық партиясы тәуелсіз байқаушыларды аккредиттеуден бас тартуды ұсынып отыр. Қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу үшін Әділет министрлігі енгізген нормалар ашықтық қағидаттарына сәйкес келмейді және керісінше, сайлау процесінде шектеулер тудырады деп есептейміз.

Біз мемлекеттің ішкі саяси және электоралды үдерістеріне сыртқы күштердің ықпалын болдырмауға деген ұмтылысын қолдаймыз. Бірақ мұны «битке өкпелеп тоңыңды отқа тастама» қағидаты бойынша жасау керек деп есептейміз. Бұл жағдайда негізгі факторға қауіп төнеді: халықтың сайлау нәтижелеріне және үкіметтің өзіне деген сенімі. Біздің ойымызша, сайлауға қатысушылардың өздерін – партиялар мен жекелеген кандидаттарды шетелден қаржыландыруды тоқтату әлдеқайда маңызды. Кейбір көршілердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл жағдайға ықпал етуді көздейтін және ауқымды жоспарлары барлардың қалыптасқан тәжірибесі.

- 50-баптың 1-тармағы, 11- т/т)

Өткен жылдарда сайлау жәшіктеріне бюллетеньдерді көптеп тастау фактілері туралы көптеген хабарламаларға және мұндай бұзушылықтар үшін нақты жауапкершіліктің жоқтығына байланысты, біз мұндай құқық бұзушылықтарды жасағандарға қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз.

Қарапайым логика: Конституция бойынша биліктің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы. Бюллетеньдерді заңсыз толтыру дегеніміз - халықтың өз билігін таңдау құқығын ұрлау, яғни, бұл билікті басып алу әрекеті (күшпен болмаса да). Мұндай бұзушылықтарды қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастыру керек деп есептейміз.

Осыған ұқсас түзету Қылмыстық кодекстің 151-бабының 1-тармағына да ұсынылады.

- 89-баптың 4-тармағы; 97-1-баптың 5-тармағы; 104-баптың 4-тармағы

Партиялық тізімдегі квоталарды шектен тыс реттеуден арылу қажет деп санаймыз. Тұтастай алғанда, квоталар аса сәтті құрал емес, іс жүзінде бұл таңдау еркіндігін шектейді және мемлекеттің қоғамдық ұйымдардың ішкі істеріне араласуын білдіреді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясында, тіпті, кез келген квотаға дейін, Мәжілістің 5-ші және 6-шы шақырылымында әйелдердің үлесі 40 пайызды құраған. Назар аударыңыз, тізімдегі кандидаттар арасында емес, шын мәнінде депутат болған әріптестер арасында.

Біз іріктеуде формальды белгілер бойынша емес, серіктестеріміздің кәсібилігі мен өзектілігін басшылыққа алдық (және басшылыққа алып та жүрміз). Және бұл тәсіл ең дұрыс деп есептейміз.

Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы Еуропарламент әйел депутаттарға квота енгізу туралы заң жобасын қараған кезде әйелдердің өздері өз сайлаушыларының құқықтарын шектегісі келмейтіндерін айтып, ЕП депутаттарының гендерлік ерекшелігіне қарай емес, іскерлік критерийлерге сәйкес сайланғанын қалайтындарын айтып, үзілді-кесілді қарсылық танытқанын еске саламын.

Иә, Қазақстан Еуропа емес, мұнда кейбір әлеуметтік топтар әлі де қолдауды қажет етеді. Бірақ бұл қолдау ұсақ-түйек, формалды емес, рационалды болуы керек.

Бұрынғы сайлауларда партиялар сайлау комиссияларының тізімде екі санаттың да – әйелдер мен жастардың болуы туралы талабына тап болған. Бұл тізімдердің жасанды ұлғаюына әкелді: мәселен, біздің партия аудандық мәслихат депутаттығына үш нақты кандидатты ұсынды. Ауылдық жерде бұл, әдетте, фермерлер, отбасылық шаруа қожалықтарының иелері. Бірақ сайлау комиссиялары тізімдерді 30% әйелдер де, жастар да қосылмайынша тіркеген жоқ, яғни, тізім 5 үміткерге дейін өсті. Ал, әрбір кандидат сайлау жарнасын төлеуге, салық декларациясы үшін деректер жинауға, Халыққа қызмет көрсету орталығынан ақпарат сұрауға және т.б. міндетті.

Енді бұл квотаға мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) азаматтар енгізілді. Өте маңызды шешім. Бірақ! Бұрынғы отырыстарда Әділет министрлігі де, ОСК да барлық үш санаттың – әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімде болуын талап ететінін тағы да айтқан болатын. Мұндай талаптар іс жүзінде үш бөлек квота (әрқайсысы 10%) енгізуді білдіреді. Бірақ бұл президент Қ.Тоқаевтың барлық үш санатқа бір (!) 30 пайыздық квота енгізу туралы айтқан тапсырмасына қайшы келеді.

Тұжырымдамаларды алмастыру және президент бастамасының мағынасын «редакциялау» бар. Бұл партияларға жасанды түрде  шамадан тыс талаптар тудырады. Шенеуніктеріміз өзекті мәселелерді шешуді күрделі түйінге айналдырып, салдарынан көптеген лайықты азаматтар бұл науқанға қатысу ниетін жоғалтады. Мүмкін, мұның бәрі өзін лайықты адамдардың көтерілмеуі үшін жасалып жатқан шығар?

Мәселені негізге ала отырып, біз бюрократиялық батпанды келесідей «реттеуді» ұсынамыз:

1) депутаттық мандатты бөлу кезінде ғана квотаны қолдана отырып, партиялық тізімдердің квотасын алып тастау;

2)  Квотаның өзі партияның қалауы бойынша ұжымдық түрде қолданылуы керек. Яғни, партияларға бөлінген 30 пайыз шегінде көрсетілген әлеуметтік топтардың қанша кандидаты депутат болатынын өздері анықтауға мүмкіндік беру. Мүмкін, әлеуметтік бағыттағы партиялар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өкілдігіне, ал бизнес-спектрдегі партиялар әйелдерге (ШОБ-та олардың үлесі жеткілікті) және т.б. басымдық береді.

Сайып келгенде, партиялардың басты міндеті шенеуніктердің қорытындысы емес, өз электоратының пікірін білдіріп, оны орындау. 

3) Немесе партиялар Мәжілісте 10 және одан да көп депутаттық мандат алған жағдайда ғана квота қолдану. Мандат аз болса, 30% квота 1-2 адам болады. 3 әлеуметтік топты 2 мандатқа қалай сыйғызуға болады? Үш екіге бөлінбейді, шенеунік мырзалар.

Бір топтың (немесе екі) мүдделеріне қол сұғу да мақсат емес; ал басқа кандидаттардың есебінен квотаны көбейту партияның ішкі ісіне заңсыз араласу болып табылады.

Көріп отырғаныңыздай, барлық тәсілдер практикалық тәжірибеге негізделген, жаңа кедергілерді жасамай, қазірдің өзінде осы кедергілерді шешейік.

Сонымен қатар, жастарды іріктеу мен анықтауда біркелкі көзқарасты ұстануды ұсынамыз. Мәселен, Президенттік кадр резервіндегі жастарды мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде 35 жасқа дейін жас белгіленеді.

Ал парламентке сайлау үшін – 29-ға дейін.

Шынымен, заңдарды қабылдау үшін осы заңдар бойынша жұмыс істейтіндерден тәжірибесі аз адамдар болуы керек пе? Мүмкін, керісінше, нормалар мен талаптарды әзірлеу үшін неғұрлым жетілген тәжірибе мен жас қажет шығар? Біз бұл санаттарды теңестіріп, партиялық тізім бойынша 35 жасқа дейінгі жастар деген анықтаманы енгізуді ұсынамыз.

Бұл туралы – «Саяси партиялар туралы» заңға енгізген өзгерісіміз, 15-1-бап

***

«Парламент туралы» заң бойынша.

- 9-бап, 8 т

Біз парламенттік оппозицияның мүмкіндіктерін күшейту бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынамыз. Мен сіздердің назарларыңызды мына жайтқа аударамын: біз парламенттің келесі құрамы туралы айтып отырмыз және онда қай партиялар парламенттік оппозицияны құрайды деген сұраққа сайлаушылардың өздері жауап береді.

Атап айтқанда, Мәжіліс төрағасы орынбасарларының бірі оппозициядан сайлансын деп заңға бекітуді ұсынып отырмыз.

Мен бірден ескертемін: бұл мен туралы емес. Менің жауапкершілігім жеткілікті. Ал егер кенеттен мұндай ұсыныс түссе де, мен алдын ала бас тартамын.

Бірақ «Ақ жол» демпартиясында, тіпті, қазіргі шақырылымды айтар болсақ, Қазыбек Иса, Дания Еспаева, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Мақсат Раманқұлов сияқты басқа да лайықты адамдар көп... Иә, басқа партияларда да осындай кандидаттар бар. Ең бастысы, көппартиялы парламент принципін депутаттар арасында ғана емес, палаталар басшылығы деңгейінде де жүзеге асыру.

- 34-1-баптың 4-тармағы

«Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында және мемлекеттік БАҚ-та парламенттік оппозицияның жұмысы мен бастамалары биліктегі партияның қызметімен бірдей көлемде жариялануын заңмен бекітуді талап етеді.

Өкінішке орай, атауы өзгерсе де бұрынғы нұротандықтардың әдеті әлі күнге сақталып қалды. Мемлекеттік БАҚ пен мемлекеттік тапсырыс үшін жұмыс істейтін сайттар (яғни барлығы дерлік) атауы өзгертілген партияның әрбір қадамын әлі де ыждағаттылықпен насихаттап, бірақ оның қарсыластарының маңызды бастамаларын елемейді. Мұны өзгерту керек, тараптарды қамту тең болуы керек. Сайлау кезеңінде бұл қағиданың сәтті қолданылуы әр партияның қоғамға айтары бар екенін көрсетті. Сондықтан оны сайлау аралық кезеңге де қолдану керек.

Ұқсас түзетулерді біз «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-3-бабы 7-1, 7-2 тармақтарына енгізуді ұсынамыз.

- 12 бап

«Ақ жол» демократиялық партиясы биліктің жоғары эшелонындағы сыбайлас жемқорлыққа, адам өліміне байланысты төтенше жағдайларға парламенттік тергеу институтын енгізуді талап етеді; сондай-ақ азаматтық құқықтар мен бостандықтардың жүйелі түрде бұзылуы туралы айтып, бұл құқықты парламенттік оппозицияға беруді ұсынады.

Иә, мұндай тексерулер уәкілетті органдарды тарта отырып жүргізілуі керек, мысалы, олигархтардың капиталын қайтару мәселелері бойынша депутаттардың Бас прокуратурамен, ҚМА және Антикормен өзара әрекеттесуі қажет болады. Парламенттік тергеу институтының өзін іске қосу маңызды, оның басты міндеті өзара іс-қимыл және күш-жігерді үйлестіру, сондай-ақ халықты проблемалар мен олардың шешімдері туралы ақпараттандыру болуы тиіс.

Парламенттік оппозицияға мән беру фактілерді жан-жақты зерделеуді қамтамасыз ету және тоқмейілсуге жол бермеу үшін жасалған. Сыбайлас жемқорлық, адам өлімі немесе азаматтық құқықтардың бұзылуы сияқты мәселелерде талғампаздық танытып, берік ұстанымда болу ұят емес.

- 15 бап, 2-1 тармақ

Парламенттік оппозицияның 2020 жылы қабылданған баламалы заң жобасын енгізу құқығын жүзеге асыру мақсатында («Ақ жол» фракциясының бастамасымен) мұндай заң жобаларын енгізу тәртібін оңтайландыру ұсынылып отыр.

Егер оппозиция үкіметтік заң жобасына балама ретінде заң жобасын ұсынса, онда оған үкіметтің оң қорытындысы туралы талап қолданылмауы керек, себебі, Үкіметтің заң жобасы үшін мәселені шешуге арналған бюджет келісілген. Оппозицияның баламалы заң жобасы бұл жағдайда бөлінген бюджеттің шегінен шықпауы керек, бірақ бөлінген қаражатты пайдаланудың басқа тәртібін қарастыруы мүмкін.

- 22-1 бап, 1 тармақ.

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша парламенттік көпшіліктің партиясы Үкімет құрамын және министрлердің кандидатураларын Президенттің қарауына ұсынуы қажет деп санайды.

Сонда билік ​​партиясы өз билігінің нәтижесі үшін де, сәтсіздігі үшін де халық алдында тікелей жауапты болады.

«Ақ жол» фракциясының «Үкімет туралы» заңның 19-бабы, 1-б., 4-б. түзетуі де осыған арналған.

- 23 бап, 5 т.

Парламенттік оппозицияға Үкіметтегі жұмыс үшін өзінің кадрлық резервін дайындауға мүмкіндік беру қажет деп санаймыз. Демократиялық қоғамда кез келген билеуші ​​партия ерте ме, кеш пе билікті береді. Бұл аксиома. Бұл ретте оппозицияның құрамында Үкіметте практикалық жұмыс тәжірибесі бар, білімі бар дайын кадрлар болуы керек. Сондықтан оппозицияның Үкіметте тәжірибелік жұмыс өтілі бар дайын кадрлары болуы керек. «Ақ жол» фракциясының «Үкімет туралы» заңның 13-бабының 3-тармағына енгізген түзетуі де осыған арналған.

- 34 бап, 6 т.

Біз халықаралық парламенттік дәстүрге сай депутаттардың отыру тәртібін фамилиядан фракциялыққа ауыстыруды ұсынамыз. Бұл ең алдымен, әсіресе, күрделі заңдарды талқылау кезінде фракциялардың өзара әрекеттесуі мен жұмысын үйлестіруге ықпал етеді.

***

«Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңның 7-бабында «Ақ жол» демократиялық партиясы Парламенттік оппозиция депутаттары Мәжілістің жеті тұрақты комиссиясының кемінде екеуін басқаратын болып бекітуді ұсынады. Бұл ретте қаржы және бюджет комитетінің төрағасы міндетті түрде парламенттік оппозициядан сайлануы тиіс. Бұл Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының «Демократиялық парламенттегі оппозицияның рөлі туралы» баяндамасының ұсынысы. Логика қарапайым: билік басындағы партия Үкімет ретінде бюджетке билік ету құқығына ие болғандықтан, бюджет шығыстарының негізділігін ең жақсы бақылаушы тек парламенттік оппозиция ғана бола алады. Бұл бюджетті пайдалануда өзара әрекеттесуді болдырмаудың, биліктің өкілді және атқарушы тармақтары арасындағы тежеу ​​мен тепе-теңдік механизмін нақты қолданудың тиімді жолы.

***

Сонымен қатар, «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның 14-бабының 3-тармағында «Ақ жол» фракциясы әкімдіктерге парламенттік оппозиция үшін митингілер мен шерулер өткізуден бас тартуға тыйым салуды ұсынып отыр. Митингтердің хабардар ету сипаты енгізілгеніне қарамастан, «Ақ жол» демократиялық партиясы жыл сайынғы «Алашқа тағзым» шеруін өткізуге әкімдіктердің рұқсат бермеуіне тап болып, оны жартылай заңды түрде өткізіп келеді. Алдын ала жіберілетін өтініштерге партия рұқсат бермеу туралы жауаппен қатар,  Сталин мен Берияның портреттерін жалаулатқан «Мәңгілік полк» секілді шерулерді еркін өткізуіне қарамастан, полицияның мұндай іс-шараларды тоқтату туралы бұйрығына сілтеме жасайтын қорқытулар алады. Сайлаушылардың қолдауына ие болған парламенттік партиялардың қызметі шенеуніктердің қыңырлығына тәуелді болмауы керек деп есептейміз. Биліктің қайнар көзі – халық, ол бұл партияларды қолдады.

***

«Үкімет туралы» заңда жаңадан тағайындалған Премьер-Министрдің Парламент алдында өз Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын ұсыну және қорғау міндеті туралы 7-бапты қайтаруды ұсынамыз. Үкімет жұмысын тек бюджеттің игерілуімен ғана емес, ең алдымен оның саяси бағдарламасының жүзеге асырылуымен және халықтың тұрмысының нақты жақсаруымен бағалау керек деп есептейміз.

Бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – Есеп беретін үкімет» формуласын жүзеге асырудың басты шарты.  

***

«Саяси партиялар туралы» заңда (8-бап, 3-тармақ) «Ақ жол» демократиялық партиясы барлық деңгейдегі әкімдерге саяси партияға мүше болуға тыйым салуды талап етеді. Бұл талаптың екі себебі бар:

1) Әкімдер де Президент сияқты тек билік партиясы мен өзінің корпоративтік мүддесіне емес, бүкіл халыққа қызмет етуі керек;

2) Конституция бойынша Президент партия мүшесі бола алмайды. Ал жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес, әкімдер тек мемлекеттік органдардың басшысы ғана емес, сонымен қатар Президенттің өкілі болып табылады. Партияда болуға тыйым салынған адамның өкілдері партия мүшесі бола ала ма? Біздің көзқарасымыз бойынша - «жоқ».

Осыған ұқсас өзгерістерді біз «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 29-бабының 4-тармағына; 33-баптың 4-тармағы; 35-баптың 3-тармағына ұсынамыз.

***

Бюджеттік кодекс

67-1-бапта, 74-бапта, 3-4-б., 77-бапта, 128-бапта.

Президент Қ.Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында «Мәжілістің функционалдығын кеңейту және бюджетке парламенттік бақылауды күшейту» деп сипаттаған конституциялық реформаны жүзеге асыруда «Ақ жол» демократиялық партиясы тағы да (үшінші?) Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есептеріне – квазимемлекеттік сектордың (ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар) бюджеттері, сондай-ақ азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін төлемдері міндетті болып табылатын барлық құрылымдардың бюджеттері есептерін де қосуды ұсынып отыр.

Квазимемлекеттік сектордың кірістері мен шығыстары мемлекеттік (халықтық) қорлар есебінен қаржыландырылады, сондықтан олардың әлі де бюджеттің бір бөлігіне айналмағаны ашуландырады. Соның салдарынан көптеген мемлекеттік кәсіпорындар орасан зор шығынға батып, басшылыққа жосықсыз жоғары жалақы, үстемеақылар мен үстемеақылар төлеуді жалғастыруда. Мұның барлығы қоғамның бақылауына алынуы керек.

Мемлекеттен миллиардтаған қаржы ала отырып, қалай және кімге жұмыс істейтіні белгісіз түрлі қорлардың мәселесі де бұлыңғыр. Олардың бюджеттері мен шығыстары да парламенттің бекітуіне және бақылауына жатады.

Сонымен қатар, егер мемлекет қоғамды біреуге (БЖЗҚ, Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, «Атамекен» ҰКП, РОП немесе оның мұрагері, «Қазақтелеком» АҚ жанындағы Цифрлық технологиялар орталығы және т.б.) төлеуге міндеттесе, онда Парламент шығындарды бақылауға алуы керек деп есептейміз, себебі олар іс жүзінде салықтар болып табылады.

77-бап

Мәжілістің функционалдығын кеңейту және ықпалды Парламент тезисін іске асыру шеңберінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Мәжіліске сайлаушылардың мандаттарын Үкіметтің міндетті келісімінсіз қаржыландыру құқығын беруді ұсынады, бұл жалпы көлемде бюджет шығыстарының бір пайызын құрайды.

Шығынды бірде-бір ұсыныс Үкіметтің мақұлдауынсыз Парламентте қаралмайтын депутаттардың ұсыныстарына деген Үкіметтің цензурасынан мүмкіндігінше құтылу керек. Қоғам шенеуніктерді емес, депутаттарды сайлайды; сайлаушылардың мұң-мұқтажын, мүддесін білдіретін де депутаттар.

***

Қорытындылай келе, скептиктердің пікірлерін күте отырып, мынаны атап өту қажет деп санаймын. Жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы кеше немесе «кенеттен» пайда болған жоқ. Бұл түзетулер Парламенттегі «Ақ жол» ҚДП-ның көп жылғы еңбегі мен табанды талқылауының нәтижесі, олардың барлығы ақталған және біртұтас жүйені білдіреді. Оның үстіне бұл біздің көзқарастарымыздың толық тізімі емес, тек қаралып жатқан заң жобасына тікелей қатысты пікірлер.

Сондықтан да біз парламенттік оппозицияның жұмысы мен бастамаларын БАҚ-та жариялауды және мемлекеттік ақпараттық тәртіпті қамтамасыз етуді талап етеміз, өйткені билік әлі де болса билік партиясы үшін жұмыс істеп, қарсыластарының іргелі істерін үнсіз қалдыруға тырысады.

Біздің әдіс-тәсілдеріміз туралы толығырақ білгісі келетіндер 2020 жылы қабылданған және партияның ресми сайтында жарияланған «Ақ жол» демократиялық партиясының «Түбегейлі өзгерістер қажет» атты Саяси бағдарламасымен таныса алады https://akzhol.kz/ru/program

Биылғы жылдың 6 маусымында өткен референдум қорытындысы бойынша халыққа арнаған Жолдауында Президент Қ.Тоқаев: «Негізгі заңға енгізілген өзгерістер – бұл... реформаларымыздың бастамасы ғана. Біз елді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз.

Жаңартылған Конституция негізінде біз барлық билік институттарының жұмыс істеуінің тиімді үлгісін қалыптастырамыз, олардың арасындағы тежемелік пен тепе-теңдік тетіктерін күшейтеміз» деп атап өткен болатын.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Конституцияға енгізілген өзгерістерді нақты әрекеттерімен қолдады. Енді біз басталған реформаны дамыту және мемлекеттік институттардың неғұрлым тиімді моделін қалыптастыру, олардың арасындағы тежеу ​​мен тепе-теңдік тетігін күшейту бойынша нақты шараларды ұсынып отырмыз. Мемлекет басшысы айтқандай.

Түбегейлі өзгерістер қажет.