20
Тамыз

Азат Перуашевтің Шымкент қаласындағы жұмыс сапары жалғасуда

20 тамыз 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының  Шымкент қалалық филиалы

«Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас мөлтек ауданында салынып жатқан мектепке барып, білім ұясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы  №963 қаулысы негізінде  Шымкент қаласында жалпы 18 мектеп салынатан болса, оның 12 құрылыс басталған, қалған 6 осы жылы басталып келесі жылы аяқтау жоспарланған.

Партия төрағасы жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалап, сапалы білім беру жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол мектеп құрылысының уақытында аяқталып, жоғары сапалы болуын қамтамасыз етуге баса назар аударылуы керек екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Азат Перуашев Атырау облысының елді мекендеріндегі көктемгі су тасқынының алдын алуға Шымкент қаласынан жәрдемге жіберілген күрделі  техникаларды ұйымдастыру кезінде белсенділік танытқан Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысының орынбасары Айдын Нышановқа «Еңбегім еліме” медалі табыстады.

 

Партия төрағасы іс-сапар барысында «Invest Shymkent» мекемесіне де барды. 

 «Invest Shymkent» Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 2024 жылдың сәуір айында «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды тарту және сүйемелдеу жөніндегі ұйым ретінде құрылған.

Компанияның негізгі мақсаты инновацияларды дамыту, инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Шымкент қаласының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жәрдемдесу. Осы мақсатта инвесторлармен өзара іс-қимыл схемасы әзірленді.  Бұл инвесторларға барлық қажетті қызметті бір жерден алуға мүмкіндік береді.