15 тамыз 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаты, «Ақжол» демпартиясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі Қазыбек Иса Шымкент
қаласында өткен салтанатты жиында Төтенше жағдайлар департаментінің
қызметкерлерін табиғи апаттармен күрестегі табандылығы мен батылдығы үшін
«Апатпен күрескені үшін» медалін табыстады.
Бұл марапат қызметкерлердің кәсіби шеберліктері
мен табиғи апаттарға қарсы күресте көрсеткен ерліктерін жоғары бағалау
мақсатында берілді. Соңғы кездердегі табиғи апаттар, оның ішінде су тасқындары
мен орман өрттеріне қарсы күресте көрсеткен үлестері ерекше назарға алынды.
Жиынға «Ақ жол» ҚДП сайлаған Шымкент қаласы
мәслихатының депутаты Ноян Төлегенов, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы
төрағасының орынбасары Дәурен Босымбаев қатысты. Жиын барысында партия өкілдері
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың алдағы
уақытта да мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап
өтті.