17 ақпан 2024 жыл, «Ақжол» партиясы Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ержан Үсентаев, Алматы облыстық
мәслихатының депутаты Сергей Горяной және кәсіпкер Дмитрий Беков Шымкент қаласы
"Оңтүстік" индустриалды аймағында орналасқан "ЭкоШина" кәсіпорнының
өндіріс жұмысымен танысты.
"ЭкоШина" – пайдаланылған шиналарды және басқа резеңке қалдықтарын кәдеге жарату арқылы қайта өңдеп шығарумен айналысады. Кәсіпорын
резеңке үгіндісінен резеңке
бұйымдарын өндіріп шығарады, шиналарды
қалпына келтіреді, қар тазалайтын машиналарға арналған пышақтар, спорттық және
балалар ойын алаңдарына арналған ойын кешендерін өндіріп шығарады.
Кәсіпорының басты артықшылығы – атмосфера мен экологияға ешқандай зиян
келтірмей, таза және қалдықсыз әдісін
қолдануында. Ақжолдықтар кәсіпорынды
аралап, жұмысына оң баға берді:
Мұндай кәсіпорындардан елімізге тиетін пайда мол, ең бастысы экологиямызға
зияны жоқ, нарық жағдайында дайын өнімді
сату мәселесі жолға қойылған.