19 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық
филиалы
19 ақпан күні Шымкент қалалық мәслихатының
VIII шақырылым депутаты, “Ақ жол” депутаттық фракциясының жетекшісі Исламбек Насруллаұлы Төлебаев Қаратау ауданы Қайтпас-1 елді мекеніндегі №58
жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздарымен, оқушыларымен және тұрғындармен
кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар халық
қалаулысына өздерінің өтініш-тілегін айтты. Сондай-ақ, балаларға спорт алаңшасы
және спорттық кешен қажет, инфрақұрылым, қоғамдық көлік бағытын ұзартып,
автобусты елді мекендегі көшелердің
ішімен жүргізу туралы көптеген мәселелер айтылды. Кездесуде тұрғындар депутатқа өз мәселелері мен талап
тілектерін, арыз-шағымдарын жазып берді.
Жиын соңында ұстаздар мен тұрғындар өздерінің ақ батасын беріп алғыстарын
айтты.