23 сәуір 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы
жанындағы жастар кеңесінің белсенділері Қошқар ата өзенінің бойын тазартуға өз
үлестерін қосты.
Игілікті шара барысында жастар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, айналаны
жинастырып, көптен бері өшіп кеткен бояуларды қалпына келтірді. Табиғатқа
жанашырлық пен азаматтық жауапкершілікті ұштастырған бұл бастама қоршаған
ортаны қорғауға бағытталған.
— Қошқар ата — қаламыздың көркі, тарихи-мәдени маңызы зор нысан. Оны таза
ұстау – әрбіріміздің міндетіміз. Бүгінгі шара соның бір дәлелі, — деді жастар
кеңесінің белсенді мүшелері.