9 қаңтар 2025 жыл, «Ақ жол»
демократиялық партиясының баспасөз бөлімі
«Ак жол» партиясының төрағасы, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев және партияның төраға орынбасары,
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Алматыда орналасқан «Samal» табиғи ауыз су
өндіретін зауытымен және оның еңбек коллективімен танысты.
Компанияның директор орынбасары Михаил Александрович депутаттарды кәсіпорын
туралы ақпаратпен және басты жетістіктермен бөлісті. «Керемет Су СКЕ»
компаниясы 2009 жылдан бастап «Samal» суының өндірісімен, оны жеткізумен және сатумен
айналысады. Тереңдігі 250 метрден астам Қазақстан артезиандық жер асты су
көздерінің № 2940 ұңғымасы «Samal» ауыз суының көзі болып табылады.
Зауыттың еңбек ұжымы жас және ортаншы жалақы 260 мың теңге құрайды.
Директордың мәліметі бойынша кәсіпорынның жылдық ақша айналымы 1 млрд теңге
болса, мемлекетке салық ретінде 250 млн теңгені төледі.
Құю жөніндегі цех сағатына 17000 аса бөтелкені өндіретін автоматтандырылған
желімен жабдықталған. Бөтелкелерді жуу мен суды құю бойынша барлық операциялар
адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Зауттың өндірістік үрдіспен экскурсовод Диана Ковтун таныстыруды
жалғастырды. Диана ханым су ұңғымадан құю желісіне дейінгі жолды өту барысында
механикалық тазалау, жұмсарту, фильтрация, молекулярлық тазалау мен
ультракүлгінмен зарарсыздандыру секілді кешенді бессатылы өңдеуден өтетін айтып
берді.
Сонымен қатар, Михаил Александрович
Азат Тұрлыбекұлына кәсіпорын өз жұмысында жиі кездесетін әділетсіздыкпен
шағымданды. Мәселен, әділетсіз бәсекелестер кейбір тендерлік заявкаларда
демпинг арқылы жеңіп, нарыққа сапасы төмен су ұсынады. Осы фактілерді бас
технолог Айгул Еркибайқызы дәлелдеді. Оның айтуынша әділетсіз бәсекелестер суды
ешқандай микробиологиялық зерттеуден өтпейді, соңдықтан ол су ішуге жарамсыз.
Азат Тұрлыбекұлы осы сауал бойынша дәлелдер мен талдау жұмыстарын жіберуді
ұсынды және басқа-да сауалдар бойынша ресми хатты жазуды айтты.
Мәжіліс депутаттарымен бірге кездесуде Алматы қалалық Мәслихат депутаты
Асқар Бискұлтанов, Алматы қалалық филиалының Кеңес мүшесі Ербол
Омарханов болды.