29
Қараша

Ақжолдықтар Оңтүстік Кореяда өтетін «Корея – Орталық Азия» аймақтық ынтымақтастықтың алғашқы форумына қатысты

29 қараша 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

2024 жылғы 25-29 қараша аралығында Түркістан облысы және Шымкент қаласының  делегациясы Оңтүстік Кореяда өтетін «Корея – Орталық Азия» аймақтық ынтымақтастықтың алғашқы форумына қатысуда. Форум аясында Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар жоспарланған.

Іс-шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Батырбек Мырзакелдіұлы Әшірбаев та қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы – «Қазақстандағы инвестициялық және іскерлік перспективалар». Бұл алаңда қазақстандық және корейлік компаниялардың қатысуымен G2B және B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Оңтүстік Кореядан 42 компания қатысса, Түркістан облысынан 7 компания өз өнімдері мен жобаларын таныстырды.

Форумның негізгі мақсаттарының бірі – екіжақты іскерлік байланыстарды нығайту, технологиялар мен инновацияларды трансферлеу, сонымен қатар қазақстандық компаниялар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіру.