09
Желтоқсан

«Ақжолдықтар» Талдықорғанда бас қосты /Мәди Ислам/ - Казак yнi (Алматы)

 
Жақында Талдықорған қаласында «Айсер» қонақ үйінің мәжіліс залында «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының конференциясы өтті. Аталған іс шараға «Ақ жол»демократиялық партиясының орталық кеңесінін президиум мүшесі, парламент мәжілісінің «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков, «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің хатшысы Берік Дүйсенбінов және партияның Алматы облыстық филиалының төрайымы Мираш Шынасылова, партия филиалының облыстық кеңес мүшелері мен партияның өзге де белсенді өкілдері катысты.
Конференция жұмысын «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы Мираш Шынасылова басқарды. Облыстық кеңестің қаулысына сәйкес 103 делегат сайланған бүл конференцияда «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасын қабылдауға катысты баяндама оқылды. Жиынды «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кенесінін президиум мүшесі, Парламент мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының фракция мүшесі Нұрлан Жазылбеков ашып, талдықорғандык «ақжолдықтарға» ыстық сәлемін жеткізді.
Конференцияға катысқан кеңес мүшелері, партия белсенділері мен өзге делегаттар көкейінде жүрген әлеуметтік-қоғамдық мәселелерге қатысты сауалдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Партия өкілдері болса, ешбір ұсыныстың партияның назарынан тыс қалмайтындығын жеткізді. Басқосу барысында М.Қалажанов, М.Қабыкенова, С.Бабашен, Ә.Қаңтарбаев, Е.Зайытбековтер комиссия мүшесі болып сайланды. Жиынға қатысқан делегаттар бірауыздан бүгінгі конференцияны қанағаттанарлық деп тауып «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, нық сеніммен тарқасты.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 48 (656), 02.12.2014