31 қаңтар 2025 жыл, Шымкент
қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының
төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев тұрғындармен
кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ақниет базарында сауда
жасап келген кәсіпкерлердің мәселесі көтерілді. Олардың айтуынша, жергілікті
әкімшілік базар аумағындағы сауда орындарын заңсыз деп танып.
Сәйкесінше, онда жұмыс істеген кәсіпкерлер
2 ай табысыз қалып, жұмыс орындарын айырылған.
Мәселені түсінген Батырбек Мырзакелдіұлы
оны жедел түрде шешуге тырысты. Ол кәсіпкерлерге басқа базарлардан орын табу
жолдарын қарастырып, Әкімшілік өкілдерімен, және базар басшыларымен
байланысып, бірнеше балама нұсқаларды
ұсынды. Талқылау барысында кәсіпкерлерге таңдау еркіндігі берілді. Тұрғындар
мәселесінің тез шешілгені үшін алғыстарын айтты.
Депутат олардың жаңа орында сауда жасауына
мүмкіндік беру үшін қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, тиімді ұсыныстар
арқылы мәселені сол жерде шешіп берді.