31 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
2025 жылдың 29-30 наурыз күндері Шәкәрім университетінің “Конгресс” ИДК
ұйымдастыруымен өткен “Batyrlar CUP” аймақтық турнирінде “Ақ жол” партиясының
Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері жоғары нәтиже көрсетті.
Серікқазы Нұрқадір мен Сәрсен Жанерке турнирдің финалистері атанса,
Серікқазы Нұрқадір “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алды!
Бұл жеңіс – жастардың білімге, ой еркіндігіне және шешендік өнерге деген
құлшынысының айқын дәлелі. Құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыруларыңызға
тілектеспіз!