28 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық
филиалы
“Ақ жол” партиясы Қызылорда
облыстық филиалының төрағасы, облыстық
мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Бауыржан Тұрсымбайұлы Сандыбаев Қызылорда қаласына «Әлеуметтік салаға
бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы» республикалық
семинар-кеңеске қатысуға келген Ақжолдық әріптесі - Қостанай облыстық
филиалының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының Әлеуметтік сала және
үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы Махаббат Сағымбайұлы Жұтаевты қарсы алды.
Сондай-ақ, Б.Сандыбаев Ақжолдық
әріптесі М.Жұтаевпен бірге партия жұмысы бойынша және мәслихатта партия атынан
берілетін сауалдардың маңыздылығы туралы өзара пікір алмасып, Қызылорда
облыстық мәслихатының жұмысымен және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.