Экономиканың және тұрғындардың табыстарының ұлғаюы АЭО аясындағы баға өсіміне жауап болуы мүмкін. Бүл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің бағаның көтерілуі мүмкін екендігі жөнінде сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді.
«Бағаның өсуі болады деп ойлаймын. Бірыңғай экономикалық бірлестік аясындағы баға саясатының теңестірілуі бәрібір болады. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, баға бұрынғысынан сирек төмен түседі. Керісінше, кәсіпорынның осыған ұқсас кірістері мен адамдар жалақысы өссе, онда ол көп сұрақ тудырмайды» - деп атап өтті Перуашев.
ЕАЭО нарығындағы бүгінгі бағаның жағдайы әртүрлі, ал бағанын теңестірілуі, былайша айтқанда жоғары көтеріледі. Бірақ сауаты экономикалық саясат болғанда бұдан қорқудың керегі жоқ деп санайды депутат.
«Өйткені, ЕАЭО құру өндірістік кооперациялар аясында жаңадан жұмыс орындарын ашуға, кәсіпорынның кірістерін еселеуге және өрістердің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді - деді Азат Перуашев, - егер бұл өсім бағаның өсуінен тезірек болып жатса, онда бағалардың жоғарылауы бізге ешқандай зиянын тигізе алмайды».
«Егер де баға 10 пайызға көтеріліп, ал табыс біраз уақыттан соң 50-ге жетсе, онда қорқатын да ештеңе жоқ. Егер бұл қалыпты деңгейден аспайтын болса, онда инфляцияның да дұрыс үдерістері болады. Мәселен, Еуропада егер инфляцияның деңгейі өте төмен болса, олар байбалам салар еді. Сондықтан инфляция белгілі бір мөлшерде, айталық 3-4% деңгейінде болса, дұрыс экономикалық үдерістерге себепші де болуы мүмкін»,- деп партия көшбасшысы атап көрсетті.
«Сондықтан тек қана бағаларды тоқтату ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарын ашуға ынталандыру, кәсіпорынның және экономиканы тұтастай алғанда кірістерін көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі маңызды. Сонда бағалардың біртіндеп көтерілуі әбден қолайлы болар еді — деп қорытындылады ол және «Ақ жол» партиясының фракциясы заңнамалық шарттарын құруға жан-жақты ықпал етіп, ат салысады» деп сендірді.