2 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің төрайымы
Ахатқызы Бинұр және кеңес мүшесі Акабай Мадина Семей медицина университетінің
қорытынды кешіне қатысып қайтты.
Салтанатты шара университеттің бітіруші курс студенттеріне арналған
дәстүрлі қорытынды кеш форматында өтті. Аталмыш іс-шараға әртүрлі саладағы
қонақтар, оқытушылар, түлектер және олардың ата-аналары қатысты.
Жастар кеңесінің өкілдері кешке қонақ ретінде қатысып, студенттердің
қуанышты сәттерінің куәсі болды. Мұндай кездесулер жастармен байланысты
нығайтып, әртүрлі сала өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
“Ақ жол” партиясы жастардың белсенділігі мен болашағына бейжай қарамай,
әрдайым рухани қолдау көрсетуге және қоғамдық өмірге белсенді араласуға
үндейді.
