10 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысында руханият пен әдебиетке ерекше үлес қосып келе жатқан
зерттеуші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз, белгілі
баспагер және «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы
төрағасының орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлының көлемді еңбегі жұртшылыққа
таныстырылды.
Семей өңірінің ақын-жазушыларына арналған арнайы серия аясында жарық көрген
«Әдеби өлкетану: Жарма өңірінің ақын-жазушылары» атты үш томдық жинақтың
тұсаукесері өтті.
Бұл еңбек – Жарма өңірінің әдебиет өкілдерінің шығармашылығын жүйелеп,
мәдени-рухани кеңістігімізді толықтыратын құнды зерттеу. Жинақта жергілікті қаламгерлердің
өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары жан-жақты зерделеніп, оқырманға
ұсынылған.
Иманжапар Мұрат Тлегенұлының бұл еңбегі – тек қана әдебиет үшін емес,
сонымен қатар өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын,
ұлттық болмысты дәріптейтін маңызды рухани жоба.