9 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы
9 қаңтар 2024
жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев Шымкент
қаласында орналасқан "Самал" базарында кәсіпкерлермен кездесті.Кездесуге "Ақ
жол" демпартиясынан сайланған қалалық мәслихатының депутаттары Исламбек
Төлебаев пен Ноян Төлегенов, Шымкент қалалық
мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Мақсат Рахымбаев
қатысты. Алдымен олар алтын сататын қатарларды аралап,
кәсіпкерлердің проблемаларын тыңдады. Кәсіпкерлер Ресейден немесе басқа мемлекеттерден зергерлік бұйымдарды алып келгенде
"растаможкасына" 12
пайыз ҚҚС салығын ұстап қалғанымен,
қолдарына ешқандай құжат немесе чек
берілмейтіндігіне шағымданды, сондай-ақ алтынның әр граммынан бар-жоғы
500 теңге пайда көретінін жеткізді. Бұл мәселе бойынша мәжілісмен Ержан
Бейсенбаев кәсіпкерлерге жазбаша түрде
арыз жазуды ұсынды.
Бұдан кейін Ержан Алмабекұлы киім сататын бутиктерді
аралап, кәсіпкерлермен мобильдік
аударымдар, QR-мен төлем қабылдау,
декларация тапсыру мәселелерін тілге тиек етіп, қолына калькулятор алып
кәсіпкерлермен төленетін салық сомасын өзі есептеп шықты. Нәтижесінде саудамен айналысатын
саудагерлерге кірістен 3 пайыз салығын төлегенше, 12 пайыз ҚҚС төлеген тиімді
екенін есептеп берді. Кәсіпкерлер
"Ақжолдық" Ержан Бейсенбаевқа ризашылығын білдіріп, "Ақ
жол" демпартиясына жылы лебіздерін білдірді.