22
Тамыз

ДІНМҰХАММЕД ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

22 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент төрінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған айтулы додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 650-ге жуық жас татами шебері қатысуда.

Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасының орынбасары

Адай Кенжебайұлы,қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбек, Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Халықаралық турнир ертең өз мәресіне жетеді. Бұл жарыс – жас буынға үлгі, спортсүйер қауымға мереке, ал көрермен үшін тартысты да қызықты бәсеке болмақ.