23
Қыркүйек

ЕРЕЙМЕНТАУДА ПЕРУАШ КӘРІМҰЛЫ АТЫНДАҒЫ «АЛАШ МЕМОРИАЛЫ» IX ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

23 қыркүйек 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының баспасөз қызметі

21-22 қыркүйек аралығында Ерейментау қаласында дәстүрлі қазақ күресінен тоғызыншы рет 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті.

Турнирге «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев, төрағаның орынбасары Серік Ерубаев, “Ақ жол” демпартиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов, Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Муқатов, Ерейментау аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сарсенбек Утепов, Ереймен күрес клубының президенті Қазыбек Букешов  қатысты.

Жарысқа Алматы, Шымкент, Астана, Ерейментау, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау қалалары мен Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Абай обылыстарынан жалпы саны 200 ден аса балуан қатысты.

Шара барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жас балуандарға Алаш идеясын, тарихи мағынасын түсіндіріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ “Ақ жол” лидері осы жас спортшылардың арасынан болашақ олимпиада, әлем чемпиондарының шығатынына да еш күмәні жоғын айтып, оларға еліміздің лайықты азаматы, ұлтшыл, мемлекетшіл азаматы болып өсулерін тіледі.

Азат Перуашев сонымен қатар, АЭС салу жөніндегі қазіргі кезде қоғамда болып жатқан пікір алмасу бойынша өз пікірін бөлісті. Еліміздің, экономикамыздың дамуына қосымша электро-қуат ерекше қажет және де атомдық энергетикадан басқа балама жоқ, жаңа технологияларды дамыту үшін, ең дамыған мемлекеттерден кейін қалмау үшін осындай энергетиканы біз де қолдануымыз керек. Барша спортшыларды, бапкерлерді, жанкүйерлерді 6 қазан күні  референдумға барып, АЭС салуды қолдауға шақырды.

Ал Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мукатов әр өңірден келген спортшыларға ақжарма лебізін жеткізді.

Боз кілемде күш сынасып, тартысты ойын көрсеткен палуандар өзара мықтыны анықтады.

Алаш ұстанымы үшін құрбан болған Перуаш Кәрімұлы атындағы «Алаш мемориалы» IX дәстүрлі қазақ күресінен Республикалық жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

 46 келіде:

1 орын: Қалиев Арман (Павлодар қаласы)

2 орын: Қохавай Ансат (Павлодар қаласы)

3 орын: Тайжан Әлімжан (Алматы қаласы)

3 орын: Назарбек Елдос (Павлодар қаласы)

 50 келіде:

1 орын: Ақылбеков Нұртас (Шымкент қаласы)

2 орын: Жетпіс Нұрлан (Целиноград ауданы)

3 орын: Сарсенбай Сабыржан (Павлодар қаласы)

3 орын: Рамазан Қуаныш (Ерейментау ауданы)

 55 келіде:

1 орын: Мадиұлы Алишер (Ерейментау ауданы)

2 орын: Аділбек Нұрбақыт (Астана қаласы)

3 орын: Улосбеков Талғат (Шымкент қаласы)

 3 орын: Ильяс Мирас (Астана қаласы)

60 келіде:

1 орын - Ризабек Аманбол (Карағанды қаласы)

2 орын - Жантасов Адильжан (Көкшетау қаласы)

3 орын - Құмарбек Ерназар (Астана қаласы)

3 орын - Төлеутаев Нұрбек (Абай облысы)

65 келіде:

1 орын - Шаяхмет Жангірхан (Ерейментау ауданы)

2 орын - Тұрдығали Алмаз (Астана қаласы)

3 орын - Анарбек Ертай (Павлодар облысы)

3 орын - Құрышбек Бейбарыс (Теміртау қаласы)

70 келіде:

1 орын - Сайлау Бекарыс (Екібастұз қаласы)

2 орын - Сатыбалды Санжар (Алматы қаласы)

3 орын - Қазыханов Дастан (Шымкент қаласы)

3 орын - Оразбаев Даниял (Шымкент қаласы)

76 келіде:

1 орын - Қайратұлы Сұлтан-Бейбарыс (Абай облысы)

2 орын - Асан Ернар (Алматы қаласы)

3 орын - Боранбаев Сұлтанбек (Алматы қаласы)

3 орын - Мәуленқұл Темірлан (Астана қаласы)

82 келіде:

1 орын - Жүсіпәлі Шерхан (Шымкент қаласы)

2 орын - Сахыбай Нұрсейіт (Алматы қаласы)

3 орын - Қажыбек Қуатбек (Абай облысы)

3 орын: Бейсенбек Айвар (Абай облысы)

+82 келіде:

1 орын - Жамбыл Нұрболат (Шымкент қаласы)

2 орын - Талғатұлы Нұрланбек (Абай облысы)

3 орын - Қуантай Нұрмағанбет (Көкшетау қаласы)

3 орын - Мамыров Ерасыл (Шымкент қаласы)

Ал командалық есеп бойынша бірінші орын – Алматы қаласы, екінші орын – Абай облысы, ал үшінші орынды – Ерейментау командасы алды. Оған қоса, жеңіске деген жігері үшін Павлодар облысынан Екібастұз құрамасы марапатталды.