21
Тамыз

Ержан Бейсенбаев «Авангард» зауытының жұмысымен танысты

21 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Алмабекұлы Бейсенбаев Шымкент қаласында орналасқан «Авангард» шыны зауытында болды.

Халық қалаулысына зауыттың бас директоры Мұрат Сауытбекұлы Мамутбеков өндірістің барысын таныстырды. «Авангард зауыты» ЖШС – еліміздегі табақ шыныны өңдеу және шыныпакеттер өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауыт заманауи еуропалық жабдықтармен жарақтандырылған және құрылыс пен өнеркәсіпке арналған жоғары сапалы өнімдер шығарады.

Кәсіпорын төмендегідей өнімдерге маманданған:

                    әртүрлі қалыңдықтағы бір және екі камералы шыныпакеттер (24–52 мм),

                    шынықтырылған шыны (4–12 мм),

                    көпқабатты триплекс шыны (6–20 мм),

                    энергия үнемдеуші Low-E және көпфункциялы шыны,

                    фацеттелген, матталған және өзге де декоративті түрлер.

Өнімдер жарық өткізу қабілеті жоғары, жылу және дыбыс оқшаулауы күшейтілген, соққыға төзімді әрі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Сапалы өнім шығарумен қатар кәсіпорын бірқатар қиындықтарға да тап болып отыр. Атап айтқанда,электр энергиясының тарифының қымбаттығы, станоктарды сатып алғанда шығын ретінде көрсете алмауы және соған да ндс төлеуі, экспортқа шығару кезінде шекарада өткізу пунктері көп ұстап қалу мәселелері бар екені айтылды.

Кездесу барысында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов пен кеңес мүшесі Әлинұр Талғатұлы Әкімбай да қатысты.

Депутат Ержан Бейсенбаев зауыт басшылығы көтерген мәселелерді мұқият тыңдап, оларды Мәжіліс деңгейінде қарастыратынын атап өтті.

Депутат зауыт басшылығы көтерген түйткілдерге тоқтала келе:

«Электр энергиясының тарифінің қымбаттауы, станоктарды сатып алғанда оны шығын ретінде көрсете алмау және соған да НДС төлеу, сондай-ақ экспортқа шығару кезінде шекарада өнімнің көп ұсталып қалуы – бұл кәсіпорын үшін елеулі қиындықтар. Сонымен қатар, зауытқа жастарды көбірек тарту да маңызды. Менің басты мақсатым – өңірдегі кәсіпкерлердің мәселесін көріп, ұсыныстарын тыңдап, Мәжіліс деңгейінде қарастыру», – деді.