Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері Ескелді аудандық мәдениет үйінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары
таныстырылып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Ашық диалог
форматында өткен кездесуде қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, «Ақ жол»
партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайтындарын жеткізді.
Көтерілген барлық сұрақтарға жан-жақты түсіндірме беріліп, айтылған
ұсыныстар назарға алынды.
Халықтың қолдауы – «Ақ жол» партиясының басты күші!
