27
Ақпан

Футболда ақша көп, бірақ... - Жас казак (Алматы)

 
Азат Перуашев Мәжіліс депутаты:
Біз жергілікті бюджет бойынша мәліметті сараптай келе, естіген адамның жағасын ұстатарлық дерекке тап болдық. Қазақстан бойынша жергілікті бюджеттен 2015 жылы күреске (секциялар) 3,197 млрд, боксқа – 1,510 млрд, ауыр атлетикаға – 487 млн теңге бөлінген. Қазір жерлестеріміз спорттың осы түрлерінен алтыннан алқа тағынып жүр. Ал еліміздегі футбол клубтарына 14,603 млрд (!) теңге жұмсау жоспарланған. Парадокс емей немене?! Еуропа біріншілігінің іріктеу тобында соңғы орынның бірін иеленгеніне қарамай, жергілікті спорт басқармалары футболға бокспен салыстырғанда, 10 есе көп қаражат беріп отыр!
 
Дерекнама - Жас казак (Алматы), № 8 (528), 27.02.2015