22
Шілде

Курсанттарға арналған қаржы неге шетелге шығады? - 'Қазақ' үні газеті

Казак yнi (Алматы), № 28 (637)-29 (638), 15.07-22.07.2014 ж.

Қазақстан курсанттарының ұшу дайындығына бөлінген бюджеттік қаржы не себепті аты онша белгісіз шетелдік оқу орталықтарына қызмет көрсетуге жұмсалады? «Ақжолдықтар» Көлік министрі Ж.Қасымбекке осындай сауал жолдады.

Үндеухат Азат Перуашевтің Қазақстандық шағын авиация және қазақстандық ұшу орталықтары Қауымдастығы басшылығымен кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Қауымдастық вице-президенті Өмірбек Кеңесбаев 2013 жылдан бастап мемлекет тарапынан ұшу мамандықтары студенттерінің оқу-практикалық дайындығына едәуір қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Қазақстан Азаматтық авиациясы Академиясының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қазіргі заманғы екі моторлы оқу ұшақтары және FNRT жаттығу құрылғысын алу үшін қаржы бөлінгенін, ұшу дайындығының көлемі курс үшін 40-тан 150-ге, кейінірек 200 сағатқа дейін арттырылғанын алға тартты.

Бюджеттік ақша Қазақстан авиациясы үшін барынша пайдалы жұмсалды, өйткені студенттердің практикалық әзірлігін қазақстандық кәсіпорындар жүргізді деп есептейді ұшу орталықтарының өкілдері. Олардың айтуынша, игерілген қаржының сомасы жарты миллиардқа жуық теңгені құраған. Заманауи талаптарға жауап беретін Италияда шығарылатын TECNAM 2002JF жаңа оқу-жаттығу ұшақтары сатып алынды. 13 ұшақ (5 АН-2, 7-шетелдік), 18 ұшқыш-нұсқаушылар, 50-ден астам инженерлік-техникалық қызметкерлер тартылды. Нәтижесінде, 70 курсант екі түрлі ұшақта өздігінен ұшуды меңгерді.

2014 жылы оқу техникасын алуға және ұшу практикасын өткізуге Үкімет 1,7 млрд-тан астам теңге белді. Бірақ биылғы басында Азаматтық Авиация Комитеті (одан әрі -ААК) бөлінген қаржы шетелдік ұшу оқу орталықтарына қызмет көрсетуге жұмсалатынын хабарлады. Басты дәлел ретінде ААК-нің АН-2 ұшағымен студенттерді дайындауға тыйым салу туралы өкімі келтіріледі. «Бұл азаматтық әуе кеңістігіндегі тізілімде АН-2 ұшағы ең көбі болып отырған кезде орын алып отыр (300 бірліктен астам немесе кіші авиацияның барлық паркінің 86 пайызы). Дүниежүзінде ұшуға оқыту процесінде АН-2 ұшағын қолдануға тыйым салынған бірде бір халықаралық авиациялық стандарт жоқ» - дейді наразылықпен «Тянь-Шань» ұшу орталығының бас директоры Владимир Анцупов.

Біздің курсанттарды оқыту орталығы болып аты көпке белгісіз литвалық мектеп белгіленген, оның «еуропалық тіркеліміне» сілтеме жасалады, оқыту кұны 500 мың евро. ААК мәліметтері бойынша бүл мектептің техникалық паркін біздегі АН-2 ұшағынан кем емес деңгейде тозығы жеткен, шығарылымы 30 жылдан астам бұрын тоқтатылған Cessna 150 және Piper ұшақтары құрайды! «Бүл дерек тауарлармен, жұмыс және қызмет көрсетумен айналысатын қазақстандық жабдықтаушыларды қолдау бөлігіндегі қолданыстағы заңнаманы бұзушылық болып табылады» деп есептейді Азат Перуашев. Мәселен, «Әкімшілік рәсімдері туралы» ҚР Заңының 22-бабында ел экономикасын казақстандық жабдықтаушылардың үлесін негізсіз кемітуге жол беретін шешімдер қабылдауға тыйым салынған. Оған қоса, бүл ел экономикасынан әжептәуір қаржының сыртқа кетуіне жол ашады.

«Ақ жол» КДП мұны министрлік басшылығымен, фракция депутаттарымен және кіші авиация өкілдерімен арнайы кездесуде талқылау және оны шешудің жолдарын қарастыру қажет деп санайды.

«Ақ жол» КДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және казақстандық бизнестің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.