4 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тхэквондо (WT) бойынша
Ашық Республикалық турнир өтіп жатыр. Қонақтарды қарсы алып жатқан – аймақтық
федерация, оның президенті Мерхат Болатханұлы. Ол сондай-ақ «Ақ жол» партиясы
филиалының облыстық кеңесінің мүшесі.
Турнир аясында «Ақ жол» партиясы жас спортшылардың ерекше жетістіктерін
атап өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлова
ерекше техникалық шеберлігі үшін арнайы сертификаттарды ШҚО-дан Ерулан Нәбиевке
және Павлодар қаласынан Айсара Құсмановаға табыстады. Сонымен қатар, федерация
президентімен бірге турнир жеңімпаздарын марапаттауға қатысты.
Ауқымды жарысқа еліміздің әр түкпірінен 27 команда құрамындағы 720 спортшы
қатысты. Үш күн ішінде татами үстінде мінез, күш және шеберлік сынға түсті.
Жалпыкомандалық есепте Павлодар құрамасы 11 алтын медальмен топ жарды.
Екінші орынды 9 алтынмен Алматы қаласының спортшылары иеленсе, үшінші орын
Алмат облысының өкілдеріне бұйырды — 8 алтын медаль.
Озықтарды марапаттаған «Ақ жол» партиясы балалар мен жасөспірімдер спортын
қолдайтынын тағы бір мәрте көрсетті. Себебі дәл осы алаңдарда ертеңгі
чемпиондардың мінезі мен рухы қалыптасады.







