27
Сәуір

Құлшира Құрмановаға "Дети войны" медалі табысталды

27 сәуір 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Тарбағатай аудандық мәслихатының "Ақ жол" партиясы атынан сайланған депутаты Жанна Сәкетаева "Дети войны" медалін алғашқы болып Ақжар ауылының тұрғыны Құлшира Құрмановаға табыстады.

Құлшира Құрманова 1938 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдары балалық шағы ауыр кезеңге тап келді: әкесі Қатиятолда Атжақсынов майданға аттанып, анасы ауылда еңбек етті. Құлшира апай ұзақ жылдар бойы аудандық ауруханада қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Алты бала өсіріп, тәрбиелеген ардақты ана.

Әкесі Қатиятолда Атжақсынов — Ұлы Отан соғысының және еңбек майданының ардагері. Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсетіп, ауыр жараланып еліне оралған. Бейбіт өмірде балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығында еңбек етіп, бірнеше медальмен марапатталған.

"Ақ жол" партиясының ВКО филиалы ардагерлеріміздің еңбегін ұлықтауды әрқашан басты міндет санайды.