07
Қыркүйек

Маңғыстау «Ақ жол-жастар» жастар қанаты «Ананың ақ сүті» атты қойылымын Нұр-Сұлтан қаласында сахналады

7 қыркүйек 2019 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ақ жол» жастар театрының әртістері драматург, ұстаз Өтен Ахметтің «Ананың ақ сүті» атты қойылымын  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында сахналады.

Драманың басты мақсаты – ананың ақ сүтін ақтауға және қазақ жастарының жат ағым жетегінде кетіп қалмаулары үшін мәселенің алдын-алу, адами қасиеттерді дәріптеп, жақсыға шақырып, жамандықтан тыю.

Қойылымда жат ағым жетегінде кетпеудің дара жолы – отбасы мен дәстүрлі діннен, адамгершілік қасиеттерден қол үзбеу керектігі және діни сауатсыздықтың құрбаны болған қазақ жастарының тағдыры мен бір ғана отбасындағы жағдай арқылы қоғамдағы трагедиясы көрсетілді.

«Ананың ақ сүті» қойылымында діни сауатсыздықтың құрбаны болған жас жігіттің жарымжан мүгедек анасынан бас тартып, оны қарттар үйіне тапсырып жіберуі және жезқұз ауруына (психикалық ауытқуы) шалдыққан анасын жұмағым деп санаған жігіттің өмірі, енесінің ауру күйіне төзбей соңынан қателігін түсінген келін қылығы, сондай-ақ, хақ жолында жүріп, бар көмегін аямаған адал достың мейірімі суреттелетін қойылым тамашалаған көрерменнің көңілінен шығып, жүректеріне ой салды.