10
Қыркүйек

Маңғыстау жастар қанатымен қолдауымен елордада "Шотан батыр" деректі фильмін көрсетілді

10 қыркүйек 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

«Жастар жылы» аясында «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Шотан батыр туралы деректі фильм көрсетілді.

Ел басына күн туған қилы кезеңдерде елім, жерім деп өткен ерлер ержүректілік пен қайсарлықтың, шыдамдылықтың үлгісін көрсетіп, келер ұрпағына Тәуелсіздікті тарту етті. Батыр бабаларымыздың бойына сіңген ұлттық рух қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға, жауға қарсы тұруға, ұлан-ғайыр жерімізді, еліміздің тұтастығын қорғауға жігер берді.

Жоңғарларға қарсы шайқаста жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған ержүрек батырларымыздың ішінде Шотанның есімі ерекше аталады. Фильмнің негізгі мақсаты - жастарға патриоттық тәрбие беру.

Ел аузында аңыз боп қалған Шотан батыр туралы деректі фильмнің авторы әрі режиссері жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек.

Айта кету керек, 2018 жылдың 5 қараша күні Шотан батырдың ерлігін көрсететін деректі фильмнің тұсаукесері Ақтау қаласында өткен болатын.