19
Ақпан

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында болды

19 ақпан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін Мәжіліс депутаттары Андрей Линник, Азат Сембинов және Орталық Кеңестің хатшысы Болат Момышев Жамбыл облысына іс-сапармен барды.

Сапар барысында партия өкілдері Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде халық қалаулылары ақ халаттылардың мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне алғыстарын жеткізіп, оларды COVID-19 індеті кезіндегі жанқиярлық ерлігі мен қайырымдылық көрсеткені үшін «Жанқиярлық күресі үшін» медалімен марапаттады.