11 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты
комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков 2035 әскери бөлімін 25 жылдық
атаулы күнмен құттықтады.
Биыл 2035 әскери бөлімінің құрылғанына – 25 жыл. Осыған орай Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде
арнайы салтанатты жиын өтіп, оған өңір басшыларымен бірге «Ақ жол» ҚДП Жамбыл
облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы
Мұқанбетәлі Шалқарбеков қатысты.
Жиын қызметтік міндетін атқару
кезінде қаза болған әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан
басталды. Бұдан әрі іс-шара 2035 әскери бөлімінің құрылғанына 25 жыл толуына
орай уақыт капсуласын салтанатты қою шарасына жалғасты.
Қонақтар әскерилермен бірге «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосып, тал
екті. Мерекелік бағдарламаны тамашалады. Мұқанбетәлі Жеңісұлы әскери бөлімнің
25 жылдығымен құттықтап, өз міндеттерін адал атқарып жүрген әскерилерді
марапаттады.


