9 мамыр 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының
орынбасары Меруерт Смағұлова мен партия мүшелері Өскемен қаласындағы Даңқ
мемориалында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл тағзым шарасы – ұрпақтар сабақтастығын білдіретін, ел тәуелсіздігі мен
азаттығы жолында жанын пида еткен батырлардың ерлігін еске алатын Ұлы Жеңістің
80 жылдығына арналды.
«Ақ жол» партиясы соғыс және тыл ардагерлерін осы тарихи дата – Ұлы Жеңіс
күнімен шын жүректен құттықтайды. Ерлігіңізге, қажыр-қайратыңыз бен жанқиярлық
еңбегіңізге тағзым етеміз. Сіздердің өшпес ерлігіңіз – халқымыздың рухани
қазынасы, болашақ ұрпаққа өнеге мен мақтаныш.
Ұлы Жеңіс рухы – жүрегімізде мәңгі сақталады.



