Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кәсіпкерлік мүдделерін қорғағандары үшін «Ақ жол» фракциясының депутаттарына алғысын білдіреді
20 қаңтар 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кәсіпкерлік мүдделерін қорғағандары үшін «Ақ жол» фракциясының депутаттарына алғысын білдіреді – осы аптада Парламент Мәжілісіне Қауымдастық кеңесінің төрағасы Серік Ахановтың қолы қойылған хат келіп түсті.
«Ақ жол» фракциясы ҚР Парламентінде біздің еліміздің кәсіпкерлері үшін айтарлықтай және оң нәтижелер әкелетін заңнамаларды жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп келеді. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында бизнес және азаматтар үшін стратегиялық маңызы бар депутаттық сауалдарға және бірқатар заң жобаларына түзетулер енгізуге бастамашылық жасалынды», - деп атап көрсетеді Қазақстан қаржыгерлері.
Қаржыгерлер қауымдастығымен банкроттық саласы бойынша уәкілетті мемлекеттік органның қызметін Салық комитетіне емес, кәсіпкерлікті дамыту үшін жауапты органға, не басқа тәуелсіз құрылымға берудің қажеттілігі туралы, фракцияның депутаттық сауалы айрықша атап көрсетілді, сондай-ақ, Бірыңғай процессингтік орталық құрудың пайдалығы туралы сауалы да аталған – онда «Ақ жол» отандық банктерді жақтады, себебі Ұлттық банкпен жоспарланған мұндай Орталық олардың дамуына едәуір кедергі тудыратын еді.
Хатта, фракция депутаттарымен маңызды түзетулер енгізілген одан басқа да заң жобаларының тізімі келтірілген, олардың ішінде: салық салу, атқару өндірісін жетілдіру жөніндегі, оңалту және банкроттық, қаржылық пирамида қызметі туралы, төрешілдік рәсімдерді төмендету, меншік құқығын қорғау жөніндегі мәселелер және тағы басқалар бар.
«Жоғарыда көрсетілген нәтижелер – Сіздер атқарған жұмыстың азғантай ғана бөлігі. Бұл кәсіпкерлердің сенімді қоғаушысының бар екендігіне біздің сенімімізді бұрынғыдан да бекіте түседі. Кәсіпкерлікті дамытуда қалған кедергілер де жойылады деп үміттенеміз. Бұл келешекте экономиканы, қаржы секторын одан әрі дамытуға және Қазақстандық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға оң әсер етеді», - деп баяндалады хатта.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.