26
Қантар

Санат жоқ 26.01.2015

Азат Перуашев: ІІМ-нің қысымымен жаппай сатып алынып жатқан автокреслолар және балаларды ұстайтын құрылғылар – қауіпсіздік нормаларына сәйкестігіне тексеруден өтпейді, яғни, жол -көліктік оқиғалары болған жағдайда қорғануға қызмет ете алмайды

 
2015 жылдың 26 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Азат Перуашев: ІІМ-нің қысымымен жаппай сатып алынып жатқан автокреслолар және балаларды ұстайтын құрылғылар – қауіпсіздік нормаларына сәйкестігіне тексеруден өтпейді, яғни, жол – көліктік оқиғалары болған жағдайда қорғануға қызмет ете алмайды– бұл жөнінде Азат Перуашев журналист Михаил Козачковқа берген сұхбатында мәлімдеді.
«Ақ жол» партиясындағы тыңдау барысында анықталғандай, ІІМ жол полициясы және ИМ техникалық реттеу бойынша комитеті әлі күнге дейін балаларды ұстайтын құрылғыларға техникалық регламент жасамаған, ол регламент қауіпсіздік құрылымның материалдары мен қолдану тәртібіне қарай нақты талаптарын орнататын еді.
Оның орнына, жол полициясы және ІІМ азаматтарға бүгін нарықта бар, кез - келген құрылғыларды жаппай сатып алуға күштеп жатыр.
Мысалы, ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы И.Лепеха жуырда баспасөзге берген сұхбатында: «Біз адаптерлер немесе бустерлердің арналған сертификаттарын тексермейміз (БҰҚ-тың түрлері – «Ақ жол» ҚДП баспасөз –қызметі), өйткені ол үшін тиісті біліктілігіміз жоқ. Әрине, қолдан істелген, жіптері шығып немесе ыдырап  кеткен тігістері бар ұстау құралғыларын қолдануға болмайды. Бірақ, ол зауыттікі және де ол бірден көрініп тұрса, онда полицеский үшін сол да жеткілікті», - деп мәлімдеген.
И.Лепеха мырзаның  сөздеріне сенсек, егер де қолдан істелінген құрылғыдан «жіптер шығып тұрмаса», онда ол жол –көлік оқиғаларында баланың өмірін сақтап қала алады (?!). Сонда, қалайша,  қауіпсіздікті тексеруге арнайы біліктілігі жоқ жол полициясы, кенеттен тігін бұйымдарын қадағалау үшін толық біліктілікті  болады?
Сонымен бірге,  қолдан істелген ғана емес, және  зауыттық БҰҚ-лар да қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке тексерілуі тиіс, және бұл талаптар техникалық регламентпен орнатылуы керек, әрбір жеке  полицейскийдің ойына келгеніндей емес – деп санайды Азат Перуашев.
ІІМ-нің қысымымен, бүгінде жүргізушілер автокреслоларды жаппай сатып алуда, соның ішінде қытай өндірісі де бар. Алайда, Қытай еуропалық стандарттарды және регламенттерді қолданбайды, оның қолданыста өзіндік ережелері бар.
Біздің мемлекеттік органдармен ара – тұра біздің техникалық регламенттеріміздің талаптарына сәйкес келмейтін қытай техникасын ҚР-да пайдалану туралы мәселе көтеріліп тұрады.
Сол себепті, мұндай қытай автокреслолары қаншалықты қазақстандық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келеді  деген сұрақ қою заңды.
Қазақстандық қауіпсіздік талаптарына не қытайлық, не басқа да автокреслолар және құрылғылар сәйкес келе бермейтін тәрізді, өйткені олар қазіргі кезде ұлттық  заңнаманың талаптарын ескермей өндіріледі.
Бірақ біз мұны не растай, не теріске шығара алмаймыз, өйткені, қайталаймын, ІІМ және МТРК қауіпсіздік талабын бекіткен жоқ, сонда осы құрылғылар тексерілуі тиіс– дейді «Ақ жол» партиясының көшбасшысы.
Заңды қабылдағаннан кейін де, жарты жылдан астам уақыт өткені белгілі.
Сондықтан, егер қазір жүргізушілер мұндай креслолар алып жатса да, бір-екі жылдан кейін, регламенттер қабылданған кезде (бұл кез келген жағдайда істелуі тиіс), сол жол полицияларының өздері оларды заңсыз деп танитын және оны ауыстыруды талап ететін болады. Сонда, мыңдаған азаматтар үшін қайталанған шығындарымен қайтадан дүрлікпе басталады – деп санайды депутат.
Азат Перуашевтің бұл тақырыпқа берген толық сұхбатын мына сайттан оқыңыз: