07
Наурыз

Астана қалалық маслихатына депутаттыққа үміткер Серік Түсіпов «Ақ жол» Демократиялық партиясының Астана филиалымен бірге осы қаланың үшінші шағынауданында сайлаушыларымен төрт кездесу өткізді

7 наурыз 2016 жыл

Ауа-райының суықтығына қарамастан жоспарланған кездесулердің барлығы да сәтті болды. Бұл кездесулер 20-шы сайлау бөлімшесімен және жергілікті коммуналдық қызмет басшыларымен келісе отырып өткізілді. Шаралар басталар кезде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әдемі әуен әуеледі.


Кездесулерде 3-ші шағынауданның тұрғындарының алдында Астана қалалық маслихатына депутаттыққа үміткер Серік Түсіпов, оның сенімді өкілдері Е.Уалиев, С.Дюсупова, З.Рамазанов, А.Дербисалин, К.Жасанова, Б.Тойғанбаева және «Ақ жол» Демократиялық партиясының сенімді өкілдері М.Горбунов, А.Әбенов, А.Кульшманов, М.Бектевтер сөз сөйледі.

         Сенімді өкілдер өз баяндамаларында шағынаудан тұрғындарына партияның негізгі мақсаттарын жеткізіп, тәуелсіздік, нарықтық экономика, жемқорлықпен күрес және демократиялық принциптерді дамыту жайында әңгімелеп берді.

         Тұрғындар өз кезегінде партияның бағдарламасына байланысты сауалдар қойып, зейнетақы жасындағы азаматтарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік мәселелерге байланысты пікірлерін айтты.

         Бұл шаралардағы алға қойған ең үлкен мақсат – сайлаушылардың осы науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауына көздерін жеткізу болатын.

         Кездесудердің соңында С.Түсіпов қысқаша өзі туралы, бизнесте жеткен жетістіктері, өзі ұйымдастырған қайырымдылық шаралары жайлы баяндап, әйелдерді Халықаралық мерекелерімен құттықтады.

         Соңынан аталған ауданның тұрғындарына партия мен үміткерлердің үгіт-насихат материалдары таратылып, аулаларға «Ақ жол» демократиялық партиясының туы мен атрибутикасы ілінді.