21
Қараша

Санат жоқ 21.11.2016

«Ақжолдықтар» Алматы ауыр машина зауытында болды

Алматы ауыр машина жасау зауытына 75 жыл! Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері- Болат Өтепбаев, Қазбек Иса, Дмитрий Васильевтер аталған өндіріс орнында болып, мерейтой иелерін құттықтап қайтты.

Сонау соғыс жылдарында қорғаныс саласының бөлшектерін құрастыру мақсатында салынған зауыт- бүгінде жаңа нарықтық қатынастарға бейімделген, заманауи технологиямен жабдықталған, жүздеген адамдарға жұмыс тауып беріп отырған еліміздің белгілі кәсіпорындарының қатарында.

  Әрине, әлемдік экономикадағы қиыншылықтар бұл зауытты да айналып өткен жоқ. Зауыт басшылығы бұл мәселелерді де шешудің жолдарын қарастыруда. Мерейтой кезінде аталған кәсіпорында болған «ақжолдықтарға» мұны Алматы ауыр машина зауытының бас директоры Жетпісбай Едігенов әңгімелеп берді. Оның айтуынша  зауыттың модернизациялануына сырттан 170 мллион доллар инвестиция тартылып жатыр және жаңа зауыт Алматының маңында , Боралдай ауылында салынбақшы.