2016 жылдың 25 қарашасы, 'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының басшылығы «Армия үйі» мұражайында болды. Аталмыш тарих қойнауында Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың өмірі және ерліктері жазылған деректерімен танысты.
- Бүгінгі күні музейдің коллекциялық қоры Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың хаттарынан бастап медальдарына толы. Алдағы уақытта мұражайды бұдан да үлкейту жоспарда, - дейді. Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтің немересі, мұражай директоры Алуа Байқадамова.
«Бүгінде біздің мақсатымыз – Отан үшін отқа түскен батырларымыздың тарихын ұмытпау және ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың борышы деп білемін. Осыған байланысты біз қаламыздың кейбір мектептерімен тығыз байланысып жұмыс жасап жатырмыз. Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» - деген ойын «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының басшысы Дмитрий Васильев кездесу барысында жеткізді.