Азат Перуашев: Парламентке автокреслолар проблемасына қатысты айып тағу орынсыз
2015 жылдың 27 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Парламентке автокреслолар проблемасына қатысты айып тағу орынсыз және ангажирленген – бұл жөнінде депутаттардың аттарына айтылған кейбір комментаторлардың кінәрат-талаптары туралы журналист Михаил Козачковтың сұрақтарына жауап беру барысында Азат Перуашев өз пікірін білдірді.
Ол, заңнамаға сәйкес, кез-келген өнімнің қауіпсіздігіне байланысты талаптар заңдармен қойылмайды, техникалық регламент түріндегі заңға тәуелді актілермен, оның бекітуіне жауап беретін уәкілетті орган (мұнда – ІІМ) және Инвистиция министрлігінің техникалық реттеу Комитеті деп түсіндірді. Әңгіме жол оқиғалары және апаттық жағдайларға арналған құрылғылар туралы болып отырғандықтан, қауіпсіздік талаптары тіпті қажет.
Техникалық регламенттерді қабылдамай, нақты не мұндай құрылғы болып саналады және ол қандай талаптарға сәйкес болу тиіс? - деген сұрақ ашық қалады.
Сонымен қатар, «Жол жүрісі туралы» заңын қабылдағаннан кейін, жол полициясы жарты жыл ішінде балаларды ұстайтын құрылғыларға және автокреслоларға техникалық регламентті әзірлеуге мұршалары да болмағаны айқындалды.
Нәтижесінде, ғаламторда автокреслолар деп отырғышқа қойылған балалар шаналарын, бүктелген көрпешелермен, поролоннан жасалған жастықтары және т.б санау туралы жүргізушілер ұсыныстары пайда болды.
Алайда, мұның себебі заңнан емес, оның тәжірибеде орындалуындағы сәтсіздіктерде.
Фракцияның позициясына келетін болсақ, онда «Ақ жол» депутаттары, жұмыс тобында заңды талқылау кезінде бұл норманы қолдануда балалардың жасын 7- ге дейін шектеуді ұсынды. Мұны стенограммадан табуға болады – деп атап өтті А.Перуашев.
Әйткенмен, заңда, жол ахуалын жақсартуға бағытталған, жеткілікті көп шешімдер болды – жылдамдықты шектеу шаралары, жол жүрісі ережелерін бұзған үшін жауапкершілікті күшейту және т.б. Осындай шараларды қабылдауды созу адамдарды жоғалтуға әкеліп соқтыратынына – ол сенімді.
Сондай-ақ, «Ақ жол» төрағасы парламенттік процестердің ерекшеліктеріне назар аударды: «Тұтастай алғанда, заң шығарушылық – бұл жанды процесс. Кешегіден гөрі, бүгін біздерге одан да жетілген шешімдерді қабылдауға ештеңе де кедергі болмау керек». Оның айтуы бойынша, «Ақ жол» депутаттары, сол себепті үкіметке бұл норманы өзгерту қажеттілігі туралы сауалын жіберді, бүгін оның бір мағыналы емес болып отырғаны фракцияға ғана емес, мемлекеттік органдарға да айқын болды.
Ол сондай-ақ іс жүзінде депутаттардың бастамаларынан гөрі, үкіметтік ұсыныстардың тәжірибеде тезірек қабылданатынын еске түсірді. Заңдағы автокреслолар туралы норма жол полициясының бастамашылдығымен жасалған, солай бола тұра оның іске асырылуы неге соншалықты тыңғылықталмауы түсініксіз.
Жол полициясы басшылығының автокреслолар үшін өтпелі кезеңнен бас тарту туралы соңғы мәлімдемелері және парламент атына жасалған комментаторлардың жақтыртпаған қарсы шығу әрекеттерін депутат бір-біріне байланып қалған бүркемелеу деп санайды.
- Бір жыл бұрын, осы заңды талқылау кезінде, «Ақ жол» депутаттары жаңа автокөліктер үшін міндетті техникалық бақылауды жоюды ұсынған. Сол кезде де жол полициясы тура осындай қайсарлықпен бұл жедел апатқа және жаппай құрбандарға әкеледі деп, жұрттың бәрін сендірмекші болған. Дәл осылай, «тәуелсіз сарапшылар», колоритті Амантай-қажыға дейін, іске араласқан, олар байыпты әңгімелердің орнына, погондары бар адамдармен дауласуға батылдары жеткен депутаттарға жуындылар төгумен болды. Осы картинаны біз бүгін автокреслолар туралы таластардан бақылаймыз.
Бірақ өткен жылдың жаз айында Мемлекет басшысы жаңа автолардың иелерін техникалық бақылау түріндегі тонауды доғаруды талап етті – сонымен бүкіл таластар аяқталды, ешқандай коллапс болған жоқ. Есесіне бопсалаушылық және анықтамалардың өңін айналдыру тоқтатылды – деп еске түсірді Азат Перуашев.
Фракция көшбасшысы бұл мәселе бойынша парламентті бүгінгі сынау кездейсоқтық емес деп санайды:
- Тіпті бүгінде де біз ІІМ-нің біздің ұсыныстарға деген теріс кертартпалығын көріп тұрмыз. Және оларда парасатты идеяларға тағы да тосқауыл қоюға барлық мүмкіндіктері бар. Міне, менімше немен жұмыс істеу қажет, кімнің оған көзін жеткізуіміз керек.
Ал депутаттарға кім болса да наразылық білдіре алады, бірақ бұл тек әділетті қоғамдық пікірлерге жік келтіреді және парасатты мағынаның позициясын әлсіретеді.
Мүмкін, жаңа автолар үшін техникалық бақылауды жою туралы таластарда болғандай, мұндай кінәрат-талаптардың авторлары, біреудің тапсырысын орындай отырып, осыны көздеген шығар. Біз бұдан әлдеқашан өткенбіз.
Кез-келген жағдайда, «Ақ жол» депутаттары бұл тақырыпты ресми деңгейге көтерді және бұл таласта өзінің позициясын анық көрсетті.
Азат Перуашевтің бұл тақырыпқа берген толық сұхбатын мына сайттан оқыңыз: