25
Маусым

Азат Перуашев ұлттық компанияларды отандық өндірушілердің мүдделеріне сатып алу рәсімдерін реттейтін заң қабылдауды талап етеді

25 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Ұлттық компанияларды отандық өндірушілердің мүдделеріне сатып алу рәсімдерін реттейтін заң қабылдау қажет  – Азат Перуашевтің а.ж. 24 маусымда өткен Отандық  тауар өндірушілерді ұлттық компанияларды және квазимемлекеттік сектордағы  кәсіпорындарды сатып алу жүйесінде қорғау мәселесі бойынша  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің мәтіні төменде беріледі.
 
Құрметті әріптестер.
 
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (ҮИИМДБ) сәйкес, мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық (жергілікті) қамту үлесін - 87 %-ға дейін өсіру басымдықтардың бірі болып белгіленген.
ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңымен (22-бап) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар белгіленген.
Өз кезегінде, ҚР «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңымен (22-бап) экономикалық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың ел экономикасында отандық тауарларды өндіру мен қызмет көрсету үлесiн арттыруға бағытталған шешімдерімен қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты, бүгінгі іс-шарада талқыланып отырған отандық тауар өндірушілерді ұлттық компанияларды сатып алу жүйесінде қолдау тақырыбы аса өзекті және дер кезінде көтеріліп отыр.
Бірқатар қазақстандық тауар өндірушілердің ұстанымы тұрғысынан осы мәселенің маңыздылығы, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға соңғы өзгертулердің отандық тауар өндірушілерге жақсы әсері болмағандығына да байланысты.
Қазіргі қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес, Ресейде және Беларусиядағы ықтимал жабдықтаушылармен орындалатын, дайындалатын, тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге шыққан жері қазақстан деп көрсетілетін тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен тең жағдайда ұлттық режім қолданылады.
Әкелінетін тауарларға қатысты ұлттық режімді енгізу, тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылармен Кедендік одақтың басқа елдерінде толығымен өндірілетін тауарларды сатып алудың жиілеп кетуіне әкеледі.
2013 және 2014 жылдардағы сайма-сай мерзімдерге (қаңтар-мамыр)  «Агромашхолдинг» ЖШС және «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-нің сатуларын талдау, бірінші жарты жылдықта қазақстанда жинақталған автокөліктерді мемлекеттік сатып алу бойынша сатудың жалпы көлемінің  екі есеге (!) төмендегені жаңа талаптардың бірден әсер еткенін көрсетеді. Мәселен:
- 2013 жылы қаңтар-мамыр кезеңінде – 320 бірлік автокөлік берілген, мамырдың аяғында 560 автокөлікке тапсырыс мерзімі ең ұзақ мерзіммен, 27 шартқа қол қойылған.
- 2014 жылы қаңтар-мамыр аралығында іс жүзінде 199 бірлік автокөлік берілген, жалпы саны 280 бірлік автомашина, 14 шартқа қол қойылған.
Басқа салалар бойынша да көрнектілігі жағынан кем емес мысалдар бар.
Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасының «Ақ жол» фракциясының депутаттарының, және жалпы депутаттық корпустың тарапынан да өткір сынға алынуы кездейсоқтық емес. Алайда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттеріне  орай, мәселен, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы Келісім Қазақстан Республикасымен 2011 жылы 8 шілдеде бекітілген, дегенмен Заң жобасы қайта өңделгеннен кейін қабылданған болатын.
«Ақ жол» депутаттарымен көрсетілген Заңға отандық бизнесті қолдау бойынша белгілі бір нормаларды енгізу мүмкін болған. Мәселен, ресейлік және белорусиялық заңнамаларымен ұқсастықпен, ҚР Үкіметіне конституциялық құрылымды қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және отан қорғау қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР ішкі нарығын қорғау мақсатында шетелдік мемлекеттен шыққан тауарларды, сондай-ақ жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді кіргізуге тыйым салуға құқық берілген.
Біздің фракциямен Заңда отандық компанияларды қолдау бойынша қорғап қалған тағы да бір маңызды сәт – бұл отандық шағын және орта  кәсіпкерлік субъектілерінен кепілдендірілген сатып алу мүмкіндігі. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу үшін бөлінген жиынтық түріндегі жалпы көлемінен  15 пайыздан кем емес мөлшерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алуға міндетті.
Сонда да, біздің  одан да негізді – жалпы отандық өндірушілерді қорғау туралы – ұсынысымыз кері қайтарылды.
Сонымен бірге, қаржы министрлігі менің атыма жазған ресми хатында, ұлттық компаниялардың және квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың қызметтерін реттейтін «Сатып алу туралы» Заң арқылы қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мүмкіндігі шешілетін болады деп хабарлаған.
Бұл ұсыныс «Ақ жол» партиясында, жалпы бизнес-қауымдастықта болашаққа үмітін тұтатқан, бұған қарапайым себеп, мемлекеттік сатып алу нарығынан квазимемлекеттік сектордың нарық көлемі 6 есеге асып түседі! Мысалы, 2012 жылы мемлекеттік сатып алу нарығы 1 трлн. 589 млрд. теңгені құрағанда, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алу нарығы  -  8 трлн. 400 млрд. теңгені құрады!
Сондықтан да, ұлттық бизнес осы сектордың тәртіпке келтірілгеніне және ашықтығына, сондай-ақ, жеңілдіктер алуға сөзсіз мүдделі.
Сонымен бірге, мұндай тәсілдеме Кедендік одақ және ЕурАзЭО шеңберіндегі қолданыстағы тәжірибеге қарама-қайшы келмейді: мәселен, РФ «Заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердің жеке түрлерін сатып алу туралы» Федеральды Заңымен жергілікті тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің басымдылығы туралы мемлекеттік корпорация, мемлекеттік компания және олардың еншілес кәсіпорындары үшін талаптар қойған нормалар белгіленген.
Бірақ, біз мұндай идеяға бой алдырғымыз да келмейді, себебі тендерлерді жүргізу және өзге де сатып алу тәртібін бекіту туралы ұсыныс ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, түсінікті себептермен, осындай компаниялардың өздерімен қолдау таппай отыр.  
Қандай жағдай болса да, олардың өкілдерімен мәселені талқылауда менің жеке тәжірибем көрсеткендей, квазимемлекеттік сектор олардың кәсіпорындарының жедел шешім қабылдау үшін қолдары бос болуы тиіс деп есептейді. Менеджерлер дамудың стратегиялық міндеттерін және т.б. орындауда олардың компанияларының «айрықша рөліне» жиі сілтеме жасайды.
Мұның барлығы талқылануы керек, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерден квазимемлекеттік секторда сатып алу кезінде, алымдар және бопсалау, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланумен (мысалы, үндеухаттардың бірінде дәнді дақылдар мамандарына вагондарды беру кезінде – 200 ден 600 долларға дейін, немесе әкелінген тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлем төлеу мерзімін қысқарту кезіндегі бопсалаулар туралы айтылады) олардың құқықтары бұзылатыны туралы көптеген дабылдар келіп түсуде.
Осының барлығын сараптай келе, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтан ерекше, ҚР квазимемлекеттік секторда корпоративтік сыбайлас жемқорлық жүйесі қалыптасты деп мойындайтын уақыт жетті.
Менің пайымдауымша, корпоративтік сыбайлас жемқорлықтыескертудің, алдын алудың және анықтаудың маңызды факторы осы «Сатып алулар туралы» тиісті заңды қабылдаудың өзі болуы мүмкін.
Біз экономиканың мемлекеттік секторының қалыптасу сатысында  осы саладағы ұлттық компанияларға және мемлекеттік кәсіпорындарға жеткілікті мөлшерде еркіндік бердік деп ойлаймын.
Енді ашықтылықты және оны тәртіпке келтіретін уақыт жетті.
Алайда, осындай заңды әзірлеу қазірдің өзінде-ақ қарсы іс-қимылдарға тап болатыны айқын. Қаржы министрлігінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы жауабында заң жобасымен жұмыс жүргізілуде деп айтылған. Бүгін  24 маусым, жарты жыл өтті – ал уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі осы уақытқа дейін депутаттарға құжатты, тіпті бүгінгі комитетке – заң жобасының өзін емес, оның тұжырымдамасын да ұсына алмай отыр.
Бүгін Ғалым Ізбасарұлы (БҚА-нің төрағасы) менің оның агенттігі отандық бизнесті қорғағысы келмейді деген сыныммен келіспеді. Мен бұл туралы өзімнің сұхбатымда, бизнестің пікіріне сілтеме жасай отырып айтқаным рас. Ал бизнес деректерден тұрады: осындай заң жобасын енгізіңіздер, сонда барлық мәселе шешіледі.
2008 жылы ұлттық компаниялар және мемлекеттік кәсіпорындар «Сатып алулар туралы» заңның әрекетінен қалай шығарылды, содан бері мемлекеттік сатып алу көлемінің ақырындап қысқарып келе жатқаны байқалады, бірақ сонымен бір мезетте квазимемлекеттік секторда сатып алулардың өсіп келе жатқаны көрініп тұр. Тендерлік және сатып алу процестері ашықтығы жағынан төмендеу секторға айналып бара жатыр.
Министрліктердің, ведомстволардың және әкімдіктердің айналасында қызметі «Сатып алу туралы» заңға кірмейтін әртүрлі АҚ-дар, ЖШС-тер, және РМК-лар құрылуда, оларға сатып алу бойынша осы мемлекеттік органның міндеттері беріледі және сонысымен мемлекеттік қаражатпен еркінірек айналымға жағдай жасайды. Бұл мүмкіндікті тоқтату керек.
«Ақ жол» партиясының депутаттары бір-екі ай бұрын біздің депутаттық сауалда жекешелендіруге жататын осындай қызметтерімен мемлекеттік органдардың  жаңа «еншілестерін» құруға мораторий енгізуді ұсынғаны кездейсоқтық емес. Әйтпесе, жекешелендіруді желеу етіп «бос торсықты» береді, ал қаржылық ағымның өзі сол күйінде шенеуніктердің және мемлекеттік менеджерлердің қолында қалады.
Квазимемлекеттік сектор үшін Заң талаптарының орнына 2009 жылы  қазақстандық қамту туралы талаптарды қарастыратын Ұлттық холдингтер, компаниялар және мекемелер үшін сатып алудың Үлгі ережесі әзірленіп және Үкіметтің қаулысымен қабылданған болатын.
Алайда, бұл ереже тікелей әрекет ету сипатына ие емес, әрбір  компанияның өзі олардың негізінде өз талаптарын белгілейді.
Оның үстіне, ереже нормаларымен қарастырылған бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларға тәртіптік жауапкершіліктен басқа қандай да бір жауапкершілік жоқ.
Көрнекті мысал: Бәсекелестікті қорғау агенттігінің деректері бойынша  2012 жылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 1483 -тәртіптік, 655  - әкімшілік, 371 шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, мұнда Мемлекеттік сатып алуға қарағанда көлемі 6 есеге көп болғанына қарамастан, квазимемлекеттік сектордағы сатып алу кезіндегі бұзушылықтар үшін 188 менеджер тәртіптік жауапкершілікке тартылған, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік  - 0. Енді тұжырымын өздеріңіз шығарыңыздар.
Толық жауапкершіліктің жоқтығы сыбайлас жемқорлықты тудыратын алғышарттарды тудырады, себебі, айтарлықтай тәуекелдерсіз-ақ аса қомақты сомаларға иелік етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық басқарушы холдингпен және басқа квазимемлекеттік сектордың субъектілерімен жүргізілетін сатып алулардың  ашықтығы (дәлірек айтсақ, жабықтығы) туралы мәселелер бар.
Отандық өндірушілер сатып алуларға қатысқан кезде артық кеңсешілдік рәсімдерді қысқарту жөнінде жұмыс жүргізу қажет.
Қазақстандық тауар өндірушілердің ақпараттары бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның компанияларының тобы және жер қойнауын пайдаланушылар өткізетін сатып алуларда  ұйымдастырушы «Nadloc» Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінен және Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінен сатып алатын тауарды Қазақстанда отандық тауар өндіруші жоқ деген хатты алғаннан кейін ғана, бағалық ұсынысымен сатып алу жолымен сатып алуды өткізуге міндетті.
Осындай қосымша рәсімдердің не үшін керектігі түсініксіз. Қормен отандық тауар өндірушілердің Тізілімі жүргізіледі емес пе. Егер де,  агенттіктің және министрліктің келісімдерін де талап ететін болса, онда ол не үшін жасалады?
Инвестиция тартудың ерекше ынталандырушысы әрқашанда болашаққа деген сенімділік болып табылады.
Егер де біз инвесторларды ынталандырғымыз келсе, әсіресе жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен – онда олармен салынған кәсіпорындар тұрып қалмайды деп кепілдік беруге тиіспіз. Бұл дегеніміз, квазимемлекеттік сектордағы сатып алу жүйесінде 5-7-10 жылдық қатынастарға - көпжылдық тәжірибеге көшуіміз керек.
Ал бізде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының көпжылдық келісім шарттарының үлесі барлық жасалған шарттардың 1,6 % құрайды. Осындай тәсілдемемен инвестиция мен технология қайдан келсін?
Ақырында, сатып алуда тапсырыс берушілер мен орындаушылардың арасындағы тепе-тең, тең құқықтық қатынастың жоқтығы айтарлықтай мәселе болып табылады. Айыппұл санкцияларының олардың арасындағы ұқсас бұзушылықтар үшін айырмашылық 10 еселенген болуы да мүмкін! Егер орындаушы тауарларды/қызметтерді күнбе күн жеткізуге міндетті болса, ұлттық компания солар үшін төлем төлеуді, ешбір себеп-салдарсыз, іс жүзінде жеке бизнестен ақысыз несие алып жарты жылға дейін кешіктіреді.
Және бұл квазимемлекеттік сектордың қызметін реттейтін «Сатып алулар туралы» заңды тез арада әзірлеу және қабылдауға дәлелдердің толық тізімі емес.
Тақырып айтарлықтай қарапайым емес екенін түсінеміз, осындай ұстанымдарға да қарсы дәлелдер бар, оларды ашық талқылауға шақырамын.
 
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.