Депутат Алмас Тұртаев «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
27 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
Абылай кезеңі – батырлар заманы десек, соның бірі «Ер Жәнібек» деген атпен таңбаланған Жәнібек Бердәулетұлы. Ер Жәнібек жасаған дәуір жоңғар шапқыншылықтарының қазақ даласына жасаған қанды жорықтарымен тұспа-тұс келді. Ер Жәнібек- Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай, Алтыбай, Еспенбет, Шөңке, Ақпантай, Малайсары, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян баһадүрлермен үзеңгілес тұлға, Абылай хан заманында жоңғарларға қарсы соғысында атақты қолбасылардың бірі ретінде тарихта қалған. Жақында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Аталмыш шара жеке дауыста хордың және оркестрдің сүйемелдеуімен ақын А.Бақтыгерееваның сөзіне жазылған «Ер Жәнібек-Ұраным» атты туындымен ашылды. Конференцияға Дүниежүзі Қазақ қауымдастығының төрағасының орынбасары Т.Мамашев, ҚР Ардагерлер ұйымының Орталық кеңес Төрағасы, т.ғ.д., профессор Ө.Озғанбаев, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ф.ғ.д., профессор, құрметті академик Т.Кәкішев, ҚХР-ның мемлекет сыйлығының иегері, жазушы Шәміс Құмар, ҚР парламент сенатының, мәжілісінің депутаттары және Ер Жәнібектің ұрпақтары қатысты. Конференцияны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің проректоры, ф.ғ.д., профессор Д.Қамзабекұлы ашып, жүргізіп отырды. Ер Жәнібектің ерлігін ұлықтау, жас ұрпаққа бабалардың салған сара жолын насихаттау мақсатында көптеген баяндамалар жасалынып, пікірлер айтылды. Аталмыш шараға Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері де қатысып қайтты. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев «Ақ жол» партиясы атынан сөз алып, құттықтау хатын табыстады.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Туртаев «Ақ жол» партиясы атынан сөз алып, құттықтау хатын табыстады.