28
Мамыр

Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның Маңғыстау облыстық штабы облыс аумағында бірнеше кездесу өткізді

28 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

 

2019 жылдың 28 мамыр күні Президенттікке үміткер Дания Мадиқызының Маңғыстау облыстық штабы облыс аумағында бірнеше кездесу өткізді.
 

Атап айтар болсақ, аймақтық штаб басшысы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы және штаб басшысы орынбасары Исмағұлов Айдар Амантайұлы, үгіт науқаны аясында 'АТФ банк' АҚ қызметкерлерімен кездесіп, Дәния Мәдиқызының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Сондай-ақ, олар 'Рекон-Ақтау' ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, көпшіліктің қойған сұрақтарына жауап берді.
 

Ал аймақтық штаб өкілдері Қанат Қарлыбайұлы мен Бердібек Мырзабекұлы  Жаңаөзен қаласындағы Каспий колледжінің суденттерімен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.