Қазақстан
Республикасы құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны аясында «Ақ
жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының еріктілері мен
жастар қанатының өкілдері Нұрлы жол бульварында үгіт материалдарын таратты.
Іс-шара
барысында белсенділер үгіт материалдарын таратып, елорда тұрғындары мен
қонақтарын партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен
таныстырды, сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП кандидаттары жұмысының басым бағыттары
туралы әңгімеледі.
Тұрғындар
ақпараттық материалдарды қызығушылықпен қабылдап, сұрақтар қойып, өз
ұсыныстарымен бөлісті. Мұндай кездесулер азаматтармен ашық диалог жүргізуге
және әрбір сайлаушыға партияның негізгі бастамаларын жеткізуге мүмкіндік
береді.

.jpeg)
.jpeg)