9 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы
Бүгін «Ақ жол»
ҚДП Шымкент қалалық филиалында Мәжіліс
депутаты Ержан Бейсенбаев «Жанармай бекеттері қауымдастығы» мүшелерімен кездесті.
Кездесуде қауымдастық мүшелері
ауылдық жанармай бекеттерінің
жұмысы жайлы мәселелерді
көтерді. Қазіргі таңда
қауымдастыққа 100 ден астам жанармай
бекеттері бар кәсіпкерлер кіреді.
Осы уақытқа дейін
ауылдардағы жанармай бекеттері
көтерме саудамен айналысатын операторлармен жұмыс жасап келген. 2023
жылдың наурыз айынан бастап олар
жанармайды монополист компаниялардың жанармай
бекеттерінен тасымалдауға мәжбүр
болған. Осының салдарынан олар көптеген шығынға батып, жұмыскерлері жұмыссыз қалды, ал ауыл тұрғындары мен шаруалар жанармайды 20-40 шақырым
алыста орналасқан жанармай
бекеттерінен тасымалдауға мәжбүр
болған. «Мұнай өнімдерін
өндіру мен айналымын мемлекеттік
реттеу туралы» Заңының 17 бабының 2
тармағы 1 тармақшасына сәйкес :
мұнай өнімдерін сатумен
айналысатын компаниялар жеке меншігінде немесе
жалға алынған мұнай базасы болуы керек делінген. «Мұнай базалардың құны
миллиардтаған теңге тұрады, ал жалға
алатын болсақ миллион теңге
құрайды, мұндай қаржыны біздің қалтамыз көтермейді, сондықтан бұл заң тек монополист
компаниялардың мүддесін қорғауда» -деп ызаланды қауымдастық төрағасы
Бақыт Бектасов.
Ержан Бейсенбаев кәсіпкерлердің жан-айқайын
тындап, мәселені толығымен тексеріп, зеріттеу қажеттігін
жеткізді, қажетті жағдайда тиісті
органдарға хат жазатындығын
түсіндірді.