12 ақпан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шараға Полиция кеңесінің мүшесі, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының
заңгері Данара Саранова қатысты. Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл бойы атқарылған жұмыстар
туралы баяндама тыңдалды.
Сондай-ақ, Данара Саранова Шымкент қаласы
Полиция департаментінің алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хатты департамент бастығы, полиция
полковнигі Нурлан Алмасбеков табыстады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша қала
аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 8,5%-ға азайды (6217-ден
5686-ға).
Қаладағы жедел жағдайды тұрақтандыру
мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс қаупі жоғары аймақтарға ерекше көңіл
бөліп, қажетті деңгейде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында профилактикалық
және жедел іс-шаралар ұйымдастыруда.
Осылайша, біз құқық бұзушылықтардың ауыр
зардаптарын болдырмауға тырысамыз.
Қала әкімдігінің қолдауымен 46 көше
қиылысына жаңадан бағдаршам орнатылды, 50 жаяу жүргінші өткеліне СИ-5
үлгісіндегі бағдаршамдар және 3042 жол белгісі қойылды, – деп мәлімдеді Шымкент
қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ұлықбек
Мылтықов.