12
Тамыз

Қандастардың қамын кім ойлайды? Оңтүстікте тұратын қандастар "ақжолдықтармен" кездесті

12 тамыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы 

«Ақ жол» партиясының депутаттары аймақтарды аралап, халықпен кездесулерін жалғастыруда. Партияның Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ноян Төлегенов, филиал  төрағасы Әлімхан Әбжанов Шымкент  қаласындағы «Асар» шағын  ауданында  тұратын  қандастармен  кездесті.

Кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар, медицина саласының мамандары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

Қандастардың көпшілігі Шымкент қаласына оның ішінде «Асар» шағын ауданына қоныстаған.  2006 жылы « Нұрлы көш» бағдарламасы  бойынша  300 гектар жер аумағына қандастарға арнап екі қабатты коттедждер салына  бастаған. Қазіргі таңда бұл шағын ауданда 20 мыңға жуық  қандасымыз тұрады. Ауданда 2 мектеп,  2 бала-бақша, емхана бар. Жаңа саябақтың  құрылысы  аяқталып, қажетті  коммуникациялар кіргізілген.

         Жиын барысында депутат Қазыбек Иса 2009-2011 жылдары  елімізге  20 мың отбасы қоныс аударған. Отбасы мүшелерімен санағанда 100 мыңнан астам адам көшіп келген. Биыл қандастарымыздың келу квотасы 100 мыңнан 100 есе  төмен түсіп,  бар жоғы 1425 адам келген. Бұған көші-қон агенттігінің жойылып кетуі мен көші-қон  мәселелері 4-5 министрлікке  бөлініп кеткенінің әсері тиіп отыр. Парламент отырысында «Қазақстанға  қандастарымыз  қажет емес  пе ?», - деп мәселе  көтергенін айтты.   

  • Қандастарымыз  азаматтық  алу  үшін  52 құжат жинау  қажет екен, тіпті  қазақ өзінің қазақ екенін анықтайтын құжат қажет.  Басқа  мемлекеттерде 1-2 құжат  дұрыс  болса алуға мүмкіндік жасалған, бұнын  бәрі  министрліктер  тарапынан  қандастарымыздын  азаматтық  алуға  тосқауыл қойғаны. Осы мәселелер Мәжілісте  көтерілген сон ғана  көші-қон агенттігі құрылатын болды, ал азаматтық алу  үшін  жинайтын  құжаттардың  саны  екі есе төмендеді. Сондай-ақ, шетелдегі  қазақ жастарының Қазақстанға келіп оқу, білім алуы біздің назарда. Олар бір жыл онлайн оқып, емтихан тапсыратын  кезде ҚР Білім  министрлігі  оларды  қисынсыз жерден келіп, емтиханды офлайн түрде тапсыру қажет деп шешкен. Бұл мәселені  де  Мәжіліс отырысында көтеріп, депутаттық сауал  жолдадық. Нәтижесі оң шешімін тапты. Қандас-студенттеріміз  емтиханды онлайн  тапсырды, - деді Қазыбек Иса.   

Бұдан басқа «Мемлекеттік тіл  туралы»  Заң қабылдау,  Тәуелсіздік үшін  жанын қиған Алаш қайраткерлерін насихаттау туралы партия жұмыстары айтылды.

«Асар» тұрғындары «Ақ жол» депутаттарына көкейдегі сұрақтарын қойды және кездесу үшін алғыстарын айтты.    

         Кездесу соңында филиал төрағасы Әлімхан Әбжанов 2006 жылы    қандастардың  көшуін ұымдастырып, 20 мың адамның атамекенге қоныстануына атсалысқан   Ибадұлла Қалыбековке  «Еңбек ері» атағын беруді  ұсынды.

        "Ақжолдықтар" кездесуде айтылған барлық мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын жеткізді.