05
Желтоқсан

Әр қазақтың маңдай терімен табылған қаржы тиімді жұмсалуы қажет - Казак yнi (Алматы)

«Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржыны пайдалануды бақылау бойынша комиссияға барлық парламент фракцияларының өкілдері енгізілуі керек. Бүл туралы Азат Перуашев жуырда Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде мәлімдеді.
Ұлттық қордан Президенттің тапсырмасы бойынша бұдан бұрын қарастырылған мақсаттық трансферттерде және халықаралық қаржы институттарының қарыздарынан тыс «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін 2015-2017 ж.ж. жыл сайын 3 млрд. доллар қосымша қаражат бөлетін болады.
Сонымен қатар, мұндай тапсырманы бере отырып, Президент «Үкіметке қажетті шараларды қабылдаумен қатар, қаржыны тиімділікпен пайдалануды қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті. Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң түрде қадағалайды және бүл туралы маған тікелей баяндайтын болады. Әр теңгеге сұраныс қатаң болады».
Осыған байланысты «Ақ жол» көшбасшысы комиссия құрамына барлық партиялардың өкілдерін енгізуді ұсынды.
«Ірі мемлекеттік қаржыны пайдаланудың орындаушылары да, бақылаушылары да бір партиядан ғана болса, ендеше көппартиялық Парламент кезінде бұл қаншалықты өзін ақтайды?» - деп сұрақ қойды А.Перуашев.
Ол ағымдағы жылдың ақпанында бизнесті қолдаудағы бірқатар өзекті шаралардың тізімімен қатар, Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қаржыландыруға аса ірі сомада - 1 трлн. теңге бөлуді және жіберуді тапсырды, бұл 5 миллиардтан астам АҚШ долларымен баламды екенін еске салды. Сонымен бірге, Президент бөлінген қаржының нақты өндіріс секторына жіберілуіне айрықша назар аударды.
Сол кезде «Ақжол» ҚЦП «осы шаралардың іске асырылуын парламенттік бақылауға алуды енгізу қажет деп санайтындығын, оған қатысу үшін өз өкілдерін жіберуге дайын екендігін» мәлімдеген.
«Бұл ақшалар аспаннан түспегендігін, қазақстандықтардың еңбегі, маңдай терімен табылғандығын және олардың Қазақстан халқына тиесілі екендігін еске ұстау керек. Сондықтан бүл триллионның әрбір тиыны адал еңбекпен табылған, қаржыны барынша пайда әкелетіндей пайдалану керек» - деп көрсетілген еді «Ақжол» сауалында.
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде ҚР Ұлттық банкі төрағасының жетекшілігімен осындай комиссия құрылған болатын, алайда «Ақжол» партиясының өкілдерін ойдан шығарылған сылтаумен, комиссия кұрамына жіберген жоқ. Оған тек «Нұр Отан» партиясының депутаттары ғана енген болатын.
«Қазіргі уақытта «Ақ жол» депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы үшін бөлінген қаражаттарды пайдалануды бақылау жөніндегі комиссияға барлық парламенттік партиялардың өкілдерін кіргізу туралы үндеухат дайындап жатыр - деп мәлімдеді брифингте партия төрағасы. - Қаражатты жұмсауды бақылаудың бұдан да маңызы арта түседі, өйткені Мемлекет басшысы инвестицияларға салынған кәсіпорындар нақты жұмыс істеп, өнім шығаруы керектігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясында «салтанатты түрде ашылып, кейіннен абыройсыздықпен істен шыққан жобалардың - «шаруашылыққа қырсыздық ескерткіштерінің» уақыты біту керек» деп санайды.

Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 47 (655), 25.11.2014