Бүгін «Ақ жол» демократиялық
партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы өкілдері Құрылтай сайлауы аясында
ашық теңізде ерекше акция өткізді.
Мемлекет туы мен Партия туы
желбіреген қайықтың теңізге шығуы – батылдықтың, еркіндіктің және нақты
мақсатқа деген сенімнің белгісі.
Теңіз қандай кең болса, біздің
елдің де мүмкіндігі соншалық мол. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін «Ақ
жол» әділетті экономикаға, кәсіпкерлікті дамытуға, ұлттық мүддені қорғауға,
жастарға мүмкіндік беруге және заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық береді.
Әр толқын – жаңа мүмкіндік. Әр
қадам – елдің ертеңіне қосылған үлес.
Сондай-ақ, штаб төрағасы Батыржан
Қорғанбаев сенімді өкілдерге ресми куәліктерін табыстады.
Мұнан соң, “ақжолдықтар” теңіз
жағалауында тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, партияның саяси
бағдарламасын насихаттады.
Құрылтайға
“Ақ жол”
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)