14 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Қараша айының үшінші жексенбісінде – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
аталып өтеді. Бұл – азық-түлік өнімдерін өндіруші шаруалар мен дихандардың
еңбегі еленіп, мерейін арттыратын кәсіби мереке.
Кәсіби мерекеге орай Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық форумы
өтуде. Биыл екінші рет өтіп жатқан агрофорумға «Ақ жол» партиясынан сайланған
Тараз қалалық мәслихатының депутаты Шахан Байкенжеев қатысуда.
«Форумда ауыл шаруашылығын дамытуға
қатысты тақырыптар қозғалады. Біз егістік және жайылымдық жер мәселелері
бойынша шақырылдық», - дейді ақжолдық депутат.
