11
Қыркүйек

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Достық үйінде дөңгелек үстел өтті

11 қыркүйек 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Достық үйінде дөңгелек үстел өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған Парламентті реформалау, партиялардың сайлау процесіндегі рөлі және сайлау жүйесіндегі заңнамалық өзгерістер талқыланды.

Шарағаға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Адай Шуханов, «Аманат», «Ауыл», «Республика», «ЖСДП» партияларының қалалық филиал басшылары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері қатысты.

Комиссия төрағасы Қайырбек Құнанбаев жиынды ашып, негізгі бағыттар бойынша ақпарат берді. Пікірталаста партия өкілдері сайлау мәдениетін нығайту және құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын атап өтті.