5 желтоқсан 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қаласындағы «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы филиалының қызметкерлері тұрғындардың мәселелерін шешуге белсенді атсалысуда.
Филиал төрағасының орынбасары Дәурен Босымбаев тұрғындармен жеке кездесіп, олардың көтерген сұрақтарын мұқият тыңдады. Ол азаматтардың мәселесін шешуге барынша қолдау көрсетіп, қай мекемелерге және қандай тәртіппен жүгіну керектігін нақтылап берді.
Филиал заңгері Данара Саранова қоғамдық
қабылдау барысында азаматтарға заң тұрғысынан кеңес беріп, олардың құқықтық
сауаттылығын арттыруға көмектесті. Ол тұрғындарға заң талаптары мен құқықтарын
түсіндіріп, мәселелерін шешуге нақты бағыт-бағдар ұсынды.