09
Тамыз

Шымкент қалалық филиалының заңгері және белсенді волонтер Данара Саранованы Америкалық бұрыш жобасының лагерь қатысушыларымен кездесті

9 тамыз 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қоғам белсендісі, «Ақ Жол» ҚДП филиалының заңгері және белсенді волонтер Данара Саранованы Шымкент қаласында орналасқан Америкалық бұрыш  жобасының  лагерь қатысушыларына  мотивация тақырыбы бойынша спикер болды.

Кездесу барысында Данара Саранова жастарға өздеріне сенімді болу, алға қойған мақсаттарға жету және қоғамда белсенді болудың маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, әр адам өз өмірін жақсарту үшін, ең алдымен, өз қабілеттерін дамытуы қажет және бұл арқылы қоғамға да елеулі үлес қоса алады.

Кездесудің ерекше сәті ретінде Данара арнайы Австралияда тұрып жатқан қазақстандық Аружан Жангабаеваны қонаққа шақырды.Ол өзінің жетістік жолы туралы айтып берді. Жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта қандай қиындықтар кездесуі мүмкін екенін және оларды қалай жеңуге болатыны туралы кеңес берді. Кездесуге қатысушылар қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

Бұл мотивациялық кездесу жастардың болашақта өздеріне деген сенімін арттырып, қоғамдағы белсенділігін жоғарылатуға ықпал етті. Осындай шаралар жастарды қолдауға және оларға дұрыс бағыт беруге үлкен септігін тигізеді. Данара Саранова жастарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.