16 қыркүйек 2024 жыл, Шымкент қалалық
филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының орынбасары Даурен
Босымбаев Шымкент қалалық АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелерінің
бас қосуына қатысты. Жиынға штаб мүшелерінен бөлек, іскер әйелдер
қауымдастығының, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңестің өкілдері және
кәсіпкерлер қатысты. Онда атом электр станциясына қатысты түсіндіру шараларын
күшейту және нәтижелі жұмыс көрсету мәселелері талқыланды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университетінің доценті Рамиль Ильясов АЭС туралы ғылыми түсініктеме беріп, бұл
жобаның жел, күн электр станцияларға қарағанда тиімді тұстарын жеткізді.
Айта кетсек, 6 қазан күні өтетін АЭС салу жөніндегі
референдумға байланысты еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС
салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Штаб құрамында 6 саяси партия
мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі бар.
Бүгінгі таңда ақпараттық түсіндірме жұмыстары
жалғасуда.